astana-view

Шаруа қожалықтарына салынатын салық жүктемесі екі есе ұлғаюы мүмкін

2016 жылғы 17 Наурыз
11432 просмотров

ҚР «Атамекен» ҰКП-да АӨК субъектілеріне салық салу тәсілдерін өзгерту мәселесі талқыланды

Арнайы салық режимдерін өзгерту туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің алғашқы отырысында Ұлттық палатаның Салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова айтып берді.

«Әлеуметтік салық мөлшерлемесін Еңбекақы төлеу қорынан 6% көлемінде белгілеу ұсынылады. Әлеуметтік аударымдарды төлеу әзірге өзгеріссіз қалады – Еңбекақы төлеу қорынан 5%. Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылдан бастап тағы да Міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасалатын болады, ал 2018 жылдан бастап жұмыс берушіге өз қызметкерлері үшін міндетті зейнетақы қорларына жарналар аудару бойынша тағы бір міндеттеме жүктелетін болады»,– дейді ол.

Сонымен бірге Департамент директоры жаңа режим аясында шаруа қожалықтары үшін мүлік салығы мен көлік құралы салығы бойынша ауыл шаруашылығы қызметінде қолданылатын нысандар бойынша жеңілдіктерді сақтап қалудың ұсынылатындығын жеткізді. Заңды тұлғаларға келсек, арнайы салық режимі алынып тасталады. 10% құрайтын КТС мөлшерлемесі қалады, әлеуметтік салық та 6% мөлшерінде белгіленетін болады.

Жанболатованың сөзіне қарағанда, Ұлттық палата 2017 жылдан 2020жылға дейінгі аралықта аграрлық сектор субъектілеріне қатысты жүктеменің қалай өзгеретіндігін болжамдады. «Бұл ретте біз салықтармен қоса, зейнетақы, медициналық сақтандыру және әлеуметтік сақтандыру қорларына аударылатын аударымдарды да есептедік. Талдау бизнеске қатысты жалпы жүктеменің орташа есеппен 1,5-2 есеге артқандығын көрсетті. Әлеуметтік салықтың ұлғаюы есебінен ҚҚС бойынша жүктеме де артып, шаруаларда жер салығын есептеу немесе жер телімдерін пайдалану бойынша ақы төлеу міндеттемесі туындайды. Сондай-ақ салықтар қорларға жасалатын аударымдар есебінен де ұлғаятын болады»,– деп түсіндірді ол.

«Заңды тұлғаларға салынатын салықтар шаруа қожалықтарының салықтары тәрізді қатты көтерілмейді, жүктеме 15-50%-ға артады. Бұл ретте, жүктеменің артуы КТС мен ҚҚС бойынша жеңілдіктердің берілмеуі себебінен, сондай-ақ қорларға жасалатын аударымдар есебінен орын алады»,–деп толықтырды Ұлттық палата өкілі.

Жанболатова «Атамекен» ҰКП-ның жаңа салық режимі бойынша бірнеше ұсынысты алға тартқандығын атап өтті. Атап айтқанда, шағын бизнес үшін әлеуметтік салық мөлшерлемесін 3% мөлшерінде белгілеу және КТС/ЖТС бойынша 70-пайыздық жеңілдікті сақтау туралы ұсыныстар жасалды. Біз мөлшерлемені 2,5%-дан асырмау керектігін ұсындық. Талдау да жүргіздік»,–деді ол.

Сондай-ақ Салық департаментінің басшысы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың басшылығындағы жұмыс тобының сатылымдардан алынатын салықты енгізуге қатысты өз ойын білдіргендігін: ненің нысанға алынатындығын, салықтың бұл түрінің қалай салынатындығын хабарлады. «Бүгін біз осы таныстырылымды барлық қауымдастықтарға жібереміз. Сіздерден өз ұсыныстарыңызды 29-наурызға дейін жіберулеріңізді сұраймыз»,– деді ол өз сөзінде.

Сонымен, министрліктің мәліметтеріне сәйкес, СаС-ты өнім өткізетін, сонымен қатар тауарды импорттаушы барлық тұлғалар төлейтін болады. Бұл ретте әлеуметтік есепке алу болмайды, барлығы осы салықты төлеушілер болып табылады. Тауарларды өткізу кезіндегі нысан тауарлардың құны, ал импорттау кезінде – сырттан келетін тауарлар құны болады. Аталған жағдайда СаС сатудың барлық кезеңдерінде алынатын болады. Мөлшерлемені 5% шамасында белгілеу ұсынылып отыр.

Бұл ретте, Жұбанова атап көрсеткендей, салалық қауымдастықтардың пікірінше сатылымдардан алынатын салықты енгізу отандық өнімдер бағасының өсуіне әкеледі. «Мәселен, сүтті алып қарайық, ол шаруа қожалығынан бастап тасымалдау, қайта өңдеу, көтерме сату, бөлшек сату секілді 4-5 сатыдан өтеді. Бағаның өсетіндігі белгілі. Осыған байланысты қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеті төмендейді»,– деп мәлімдеді ол. Ал Ұлттық палата өз қауіптері туралы Ұлттық экономика министрлігіне жеткізді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер