astana-view

Кәсібі өрге домалаған кәсіпкер – ақпаратқа қанық кәсіпкер

2016 жылғы 18 Наурыз
- Алматы қаласы
8298 просмотров

Алматыда Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен екі ірі бизнес-форум өтті

Тегін оқыту семинарлары конференция түрінде өткізілді. «Бизнестегі заманауи табысты технологиялар» деген тақырыптағы Almaty Management University-де 16 наурыз күні өткен бірінші конференция топ-менеджерлерге, шағын және орта бизнес иелеріне, жоғары буын басшыларына қаржы директорларына және өз бизнесін ашуды жоспарлап жүргендерге арналған. Конференцияның мақсаты табыстары тұрақты деңгейге көтерілген бизнес иелеріне «Қазіргі жағдайларда қандай әрекеттер істеу қажет?» деген ең өзекті сұраққа жауап беру.

Конференцияның спикерлері – табысты бизнесмендер, кәсіби бизнес-тренерлер және Қазақстанда, Украинада, Ресейде бизнесті ұйымдастыру мен басқаруда мол тәжірибелері бар кеңесшілер.

«Сіз басқарушы ретінде өз командаңыздың мықты кәсіби мүшесі саналасыз. Дәл сіз күн сайын өз бизнесіңіздің күрделі мәселелерін шешесіз, даму векторын анықтап, жауапты шешімдер қабылдайсыз. Алайда, мемлекет экономикасындағы өзгерістерден туындағын жаңа жағдайларда бизнес-құрылымдардың өкілдеріне қазіргідей қиын уақытта бағдар алу мен дамудың дұрыс стратегиясын таңдау қиынырақ. Уақыт жаңа жағдайларды алға тартуда, ал өз бизнесіңізді жетілдіру үшін, сізге, ең алдымен, өз біліміңіз бен машықтарыңызды жетілдіру қажет», – деп жауап берді «Атамекен» ҚР ҰКП-ның сертификаты бар бизнес-тренері, «AltynAlma» білім беру орталығының директоры Людмила Лазарева.

Жеке істі ашуға қажетті қаражатты қайдан алуға болады деген сұраққа Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ қабырғасында өткен бизнес-кездесу түріндегі Ашық кәсіпкерлік форумында жауап берілді.

Тыңдаушыларға бұрыннан бар кәсібін жетілдіру мен дамытуға, шұғыл шығыстарды үнемдеуге көмектесетін қорларға, арзан несиелер мен «Даму» қорынан бизнеске кепілді қолдау алудың тәсілдеріне, салық төлеудегі оңтайландыруларға, тиімді консалтингтік, сақтандыру, бухгалтерлік және өзге де қызмет түрлерін алуға, сондай-ақ, шетелдердегі көрмелерге қатысуға, шетелдік нарыққа шығуға, шығыстар үшін төленетін өтемақыларға қатысты ақпараттарға қанығуға мүмкіндік туды. Шараға сарапшылар, кеңесшілер мен даму институттарының, екінші деңгейлі банктердің, сақтандыру, лизингтік және консалтингтік компаниялардың, халықаралық бизнесті қолдау және сауда миссиясы бағдарламаларының өкілдері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер