astana-view

Кооперативтердің құрылуы жалғасуда

2016 жылғы 24 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7077 просмотров

Наурыз айында Ақтөбе облысы бойынша 9 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі  құрылады

Бұл туралы Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінің бөлім басшысы Сағынғазы Құрманалин хабарлады.

2015 жылдың 29 қазанында «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заңға қол қойылғанын білеміз. Оған өз мүшелерінің қызмет үйлесімділігі мен олардың ортақ мүліктік және өзге де мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылмақ ауылшаруашылық кооперативтері мүшелеріне арналған құқықтық ережелер, құқықтары мен міндеттері енген болатын.

Заңда жеке меншік қосалқы шаруашылықтарды асыл тұқымды ірі қара малды қайта құруға тарту арқылы ауылшаруашылық ет кооперативін құру жөніндегі бағдарлама қарастырылған. Бүгінгі күні Өңірлік палатаның барлық филиалдары «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заңды түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.

«9 АӨК Әділет органында тіркелу үстінде, тағы 8 кооператив құжаттарын даярлауда. Жалпы алғанда 17 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, ондағы 21 шаруа қожалығы біріктірілетін болады, сонымен бірге 475 қосалқы шаруашылық құрылмақ. АӨК пайдалы жер телімдерінің жалпы ауданы 41242 гектар болады, ал кооперативтер иелігіне шамамен бес мың бас ірі қара мен 40 техника бірлігі кіреді», – деп айтып берді бөлім басшысы. Палата сарапшылары асыл тұқымды бұқаларды сатып алу және құрылатын кооперативтердің өзара әрекеттестігі туралы мәселені талқылау жөнінде кездесу ұйымдастырды.

Әйтеке би ауданында алғашқы болып құрылған «Рахат+» АӨК «Ауылмикронесие» микро несие беру ұйымынан несие алу үшін қажетті құжаттар жинауды аяқтады. Аралтоғай ауылында 21 асыл тұқымды бұқаны әкеліп орналастыратын орын да дайын, даярланған ғимаратта барлық карантиндік-зоотехникалық шаралар жүргізіліп, мал азығының айлық қоры даярланып қойған.

«Бұған қоса Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ауданында кооперативтер құру жөнінде белсенді жұмыс жалғасын табуда. ӨКП филиалдары директорлары «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» ҚР заңын түсіндіру мақсатында осы аптада 18 елді мекенді аралап, ЖШС, ШҚ, сонымен бірге жеке қосалқы шаруашылықтар басшыларымен кездесті». Палатаның аудандық филиалдары ауылдық округтардың әкімдерімен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі мол әрі АӨК қызметін басқаруға қабілетті белсенді шаруаларды іздестіруде. Сонымен бірге, облыстың ӨКП облыстық ХҚКО-мен бірлесіп облыс аудандарында АӨК тіркеу кезінде қажет делінетін құжаттарға қойылатын бірыңғай талаптар жөнінде жұмыс атқаруда», – деді Құрманалин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер