astana-view

Оңтүстік кореялықтардың шымкенттік қолғаптары

2016 жылғы 04 Сәуір
- Шымкент қаласы
13235 просмотров

Шымкентте қуаттылығы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғаптарын шығаратын Қазақстандағы тұңғыш цех іске қосылды

Инвестициялық жобаны Оңтүстік Кореялық инвестор – «KAZ Hansol Intercom» ЖШС іске асырды. Инвестиция сомасы 481 млн. теңгені құрады.

«KAZ Hansol Intercom» ЖШС – «Оңтүстік» индустриялық аймағында іске асырылып жатқан жалпы құны 20,4 млрд теңге құрайтын 39 жобаның біреуі. Кәсіпорын 0,85 га аумақта орналасқан және 50-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

Жобаны іске асырудың ең басты мақсаты – отандық өнімді дамыту, импортты алмастыру. Егер бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлер импорттық өндірістің мақта-мата қолғаптарын сатып алуға мәжбүр болып келсе, енді бұдан былай отандық өнімді пайдаланатын болады. Шымкентте өндірілетін қолғаптар анағұрлым сапалы және сатып алушыға да арзанырақ түседі деп сендіреді компания өкілдері.

Бұйымдарды даярлау процесі қолғаптарға арналған компьютерлендірілген тоқыма машиналарында іске асырылады. Компания цехында орналасқан 159 станоктың әрқайсысы тәулігіне 280 жұп қолғап шығаруға қабілетті.

ҚР территориясында қазіргі уақытта мұндай қуаттылығы бар өндіріс шын мәнінде жоққа тән.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жобаны іске асыруға өте белсенді араласты. Өткен жылдың күзінде инвестициялық компанияның құрал-жабдығы кедендік тазалаудан өте алмай, шекарада 4 айдан астам уақыт тұрып қалған кезде инвестор Палатадан көмек сұраған болатын. ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары құқықтық көмек көрсетті және сотқа қатысып, инвестордың мүддесін қорғады. Соның нәтижесінде сот мүлікті тәркілеудің күшін жою туралы шешім шығарды. Бүгінгі таңда ОҚО Кәсіпкерлер палатасы инвестияцмялық жобаның кедендік преференцияларды алуы үшін толықтай қолдау көрсетіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер