astana-view

Томск бизнесмендері Қазақстанға келді

2016 жылғы 05 Сәуір
8771 просмотров

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Томск сауда-өнеркәсіптік палатасымен В2В форматында әріптестік кездесу ұйымдастырды

Оған өнеркәсіптік салаға маманданып жүрген 35 отандық компанияның өкілдері қатысты.

Айта кетерлігі, бұл Томск делегатының қос елдің сауда-экономикалық әріптестігін кеңейтуге бағытталған Қазақстанға жасаған алғашқы іскерлік сапары. Іскерлік кездесулер нәтижесі бойынша бірқатар қосымша келісімдерге қол қойылды.

Кездесуге қазақстандық тараптан қатысқан компаниялардың қатарында ұлттық «Тау Кен Самұрық» тау-кен рудасы компаниясының, «Құрылыс Метэнергозавод» компаниясының («Арселор Миттал Темиртауға» кіреді), «Қарағанды систем», «Казкабель», «Гормонтажпроект», «Бёмер Арматурен Казахстан», «Дефектоскопия» компанияларының өкілдері болды.

Қазақстандық кәсіпорындардың өкілдері «Томскабель», «Металлист» ЖАҚ, «Термэкстің» құрамындағы «Политэн», «ЭлеСи» компанияларының өнімдеріне қызығушылық танытты.

Бірқатар Томск компаниялары қазақстандық әріптестерімен өнеркәсіптік қауіпсіздік, кәсіпорынды жобалауға қатысу, өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды жөндеу, Қазақстан нарығына кабель жеткізу салаларында ортақ жобаларды іске асыруға қатысты қосымша келісімдерге қол жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер