astana-view

Тимур Құлыбаев: «Жекеменшікті бөліп төлеуге беру механизмдерін қарастыру қажет»

2016 жылғы 08 Сәуір
8256 просмотров

МЖӘ қағидаларын қолдану мен жекеменшікті жеке бизнеске беру кәсіпкерлерді қиын кезеңде құтқарып қалуы мүмкін

Осындай ұсынысты «Атамекен» ҰКП Үкіметтің қарауына жібереді. Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен кездесу барысында Ұлттық палатаның Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жекешелендіру науқанының өткен жолғымен салыстырғанда, баяу жүріп жатқанын атап өтті.

«Қазір мемлекеттік органдармен жекешелендіру нәтижелерін талқылаудамыз. Науқанның сондай белсенді жүріп жатпағанын көріп отырмыз. Қазірше ұсынылған активтер бизнес үшін тартымды болмай тұр. Жеке ортаға беруге болатынның барлығын беруіміз қажет. Күрделі қаржылық жағдайды есепке ала отырып, банктердің жобаларды зауықсыз қаржыландыруынан, көптеген кәсіпкерлердің нысандарды сатып алуға мүмкіндіктері жоқ. Жекеменшікті бөліп төлеуге беру механизмдерін қарастыруымыз қажет деп есептейміз. Сол арқылы мемлекеттік-жеке әріптестік аясында нысандардың тізімін көбейту», – деп мәлімдеді Т.Құлыбаев.

Бизнес мүддесін барынша қолдау – Ұлттық палатаның 2016 жылғы ең бір әлеуетті бағыттарының бірі. ҰКП басшысы барлық жұмыс экономиканың барлық саласында кәсіпкерлер үшін тиімді жағдайға қол жеткізу үшін жүргізілетінін атап өтті.

«Сантехпром» ЖШС-ның директоры Владимир Крючков ҰКП басшысының назарын ішкі нарықта өнімге сұраныстың жоқтығына аударды.

«Біз өнімді Ресейге ғана емес, бірқатар ТМД елдеріне, тіпті Еуроодақ елдеріне экспорттаймыз. Оларда сұраныс жақсы. Соған қарамастан, ішкі нарыққа өткізуді жолға қоя алар емеспіз. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар, алайда олар әрқашан жұмыс істей бермейді, жергілікті деңгейде қамтамасыз ету жүйесіне ену қиын. Өнімнің 80%-дан астамы экспортқа кетеді, ал бізге қазақстандық өнімді мемлекеттік сатып алу аясында сатып алып, өзіміздің кәсіпорындарамыздың қолдағаны қажет», – дейді ірі экспортер компанияның басшысы.

ҰКП Төралқа төрағасы отандық тауар өндірушілерді қолдауға байланысты жұмыстардың күшейтілетінін айтты.

«Қазір біз отандық тауар өндірушілердің тізімімен жұмыс жасаудамыз, оны мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға ұсынбақпыз. Біз үшін бастысы – мемлекеттік сатып алуға «бір күндік» фирмалардың емес, шынайы өндірушілердің қатысқаны. Өздеріңіз білетіндей, ҰКП-ның өкілдері комиссияға бақылаушы ретінде тарту жөнінде бірқатар ұлттық компаниялармен, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-мен де жұмысты жолға қоя алдық. Осылайша, біз өзіміздің өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатына қол жеткіземіз», – деді Тимур Құлыбаев.

Сонымен қатар, ҰКП басшысы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің айрықша қолдауды қажет ететіндіктерін атап өтті. «Нәтиже» ЖШС-ның зауытымен таныса жүріп Тимур Құлыбаев «кәсіпорынның керемет ұйымдастырылғанына» назар аударды.

«Компанияда өткізу жолға қойылған. Тауарларын бірнеше облыстарға сатады. Ал, бастысы, шикізатты жинау жүйесі тамаша жұмыс істейді. Бұл тәжірибе басқалар үшін де бағалы. Сондықтан, біздің бастамамызбен, елімізде 11 пилоттық кооперативтер құрылады. Біз оң нәтиже күтудеміз. Менің ойымша, бұл біздің өндірушілерге, әсересе, шағын өндірушілерге өзтиімділігін арттыруға көмектеседі», – деді ҰКП басшысы.

Қарағанды облысы – еліміздегі өнеркәсіптік өндірістің көшбасшы: оның үлесіне өнімнің 44%-ы тиесілі. Алайда, негізгі көлем«Арселор Миттал» ЖШС мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сияқты жүйеқұрушы кәсіпорындарға тиесілі болғандықтан, өңір экономикасының әртараптануы әлсіз. Десек те, 2015 жылдың қорытындысы бойынша, шағын және орта бизнес саласында өсім байқалады: өңірлік жалпы өнім құрылымында оның үлесі бір жарым пайызға артып, 12,5%-ға жеткен. Бюджеттің 45%-дан астамын шағын және орта бизнес қамтамасыз етіп отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер