astana-view

Бизнес-ханым мастер-класс өткізді

2016 жылғы 14 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
9867 просмотров

Аудандағы танымал бизнес-ханым Светлана Былкова Тимирязевтағы мектеп-гимназияның 7 «а» сыныбының қыздарына арнап мастер-класс ұйымдастырды

Кәсіби бағыттау жұмысы мен Іскер әйелдер кеңесінің жұмыс жоспары шеңберіндегі шараны СҚО Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы ұйымдастырды.

«Бұл мастер-классты «Үй шаруашылығы» оқыту пәнінің аясында кәсіби бағыттау жұмысының бұрынырақта ашылған кабинетінде ұйымдастыруымыздың да өзіндік мәні бар. «Қазақстанның ұлттық тауары» республикалық байқауына бірнеше мәрте қатысып, жеңімпаз атанған Светлана Ивановна біздің филиал осы кабинетке арнайы сатып алып берген тігін машиналарының мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, онымен қалай жұмыс істеу керек екенін көрсетіп те берді», – дейді СҚО КП Тимирязев аудандық филиалының директоры Александр Гурьянов.

Жергілікті шебер жас қыздарға тігін ісінің түрлері мен тігінші, киім пішуші сияқты мамандықтар туралы айтып берді. Қыздар бизнес-ханымнан шашқа тағатын әшекейлерді қалай сәндеуге болатынын, өз қолдарымен белдемше, алжапқыштарды қалай тігуге болатынын сұрап, білді. Тіпті, бимен айналысатын кейбір қыздар сахнаға киіп жүрген әдемі көйлектері Светлана Былкованың еңбегінің жемісі екенін білгенде таңданыстарын жасырмады. Қыздардың қызығушылығына тәнті болған бизнес-ханым оларды өзінің тігін цехына топсеруенге шақырды. Қыздар болса, бұл ұсынысқа қуана келісті.

«Мұндай шаралар оқушылардың мамандық таңдауына зор ықпал етеді. Бұл білім көкжиегін кеңейтеді әрі арманнан басқа еш нәрсе болмаған күннің өзінде өз қолымен бір нәрсе жасап шығаруға болатынын көрсетіп береді. Бизнес субъектілеріне келсек, бұл біз үшін жарнама және болашақ жұмыскерлерімізді қызықтырып, қалыптастырудың өзіндік мүмкіндігі. Бір есептен бұл – өз білім-білігіңмен бөлісудің жақсы дәстүрі», – деп ой бөлісті жеке кәсіпкер, СҚО КП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Светлана Былкова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер