astana-view

ҰКП шағын және орта бизнес саласынан көтерме және желілік сауданы алып тастауды ұсынуда

2016 жылғы 18 Сәуір
7698 просмотров

Мұндай ұсынысты ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен кездесуде ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Райымбек Баталов айтты

Оның айтуынша, активтері бойынша көтерме және желілік саудамен айналысушылар өз мүдделері бар ірі бизнеске жатқызылуы мүмкін (мемлекеттік қолдау деңгейіндегі басқа да сұраныстары мен талаптары, жеңілдіктері, преференциялары және т.б.).

Сонымен қатар, Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы ҰКП Төралқа төрағасын Комитеттің 2016 жылға арналған төрт бағыттан тұратын жұмыс жоспарымен таныстырды. Ең алдымен, Райымбек Баталовтың айтуынша, заңнаманы жетілдіру ұсынылуда: ШОБ үшін Заңнама тұжырымдамасын әзірлеу (заң, даму бағдарламасы және т.с.с.), бақылау-қадағалау қызметі саласында салықтық заңнаманы өзгерту және әкімшілік кедергілерді анықтап, шешу керек.

Қаржының қолжетімділігі мәселесінде келесі шараларды ұсынып отыр: мемлекеттік қолдауды жетілдіру, ШОБ-ты несиелендіруді автоматтандыру, құжаттар пакетін бір ізге салу және оларды ЭСҚ-ны пайдалану арқылы электронды түрде өткізу мүмкіндіктерін қарастыру, шағын несиелендіру арқылы қаржыландыруды арттыру, ШОБ үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсыну (өңірлік сатып алуларға, Өңірлік даму карталарына қатысу, франшиза сатып алу және т.с.с. ).

Ақпараттық қолдауға келер болсақ, Баталов ШОБ қызметтеріне әдістемелік, ақпараттық және кеңестік қолдау көрсетілетінін, арнайы тренингтер, семинарлар мен вебинарлар өткізіліп, типтік брошюралар әзірленетінін атап өтті.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кооперация механизмдерін ілгерілеті жоспарлануда: Индустриалды аймақтар тұжырымдамасын, ШОБ үшін бизнес-инкубаторлар және кооперациялардың басқа да жаңа құралдарын әзірлеу.

ШОБ-ты дамыту комитетінің төрағасы ҰКП Төралқа басшысын Комитеттің өткен жылғы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті. Сонымен, жол сервисі нысандарының қызмет көрсету саласына қойылатын талаптарды жеңілдету нәтижесінде 300 кәсіпкер өз бизнестерін сақтап қала алды, 1200 жұмыс орны сақталып, кәсіпкерлердің жалпы сомасы 150 миллион теңгедей шығыны қысқартылды.

Райымбек Баталов, сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрінің «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізілгендігін хабарлады. Табиғи шарап шығаратын өндірістер бойынша экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасы толықтырылып, 8 статформа (5%) жойылып, 151-формаға (95%) өзгертулер енгізілген.

ШОБ комитеті жұмысының нәтижесі ретінде мәліметтерді белгілеп, жіберетін функциялары бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану мерзімін 2014 жылдың 1 шілдесінен 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартуды атап өтуге болады. Оған қоса, осыған байланысты ШОБ субъектілерін 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тексермеген. Нәтижесінде, сомасы 3,8 миллиард теңге болатын бизнес шығыны қысқартылған, 01.01.16 жылға дейін бизнес үшін  POS-терминалдарды орнатып, қолданысқа енгізу бойынша, транзакция үшін комиссия төлеуге кететін шығын: бір жылға патент бойынша – 7 миллиард теңгедей, жеңілдетілген декларация бойынша – 10 миллиард теңгедей қысқартылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер