astana-view

1-шілдеден бастап жер телімдері ашық аукционға түседі

2016 жылғы 20 Сәуір
10144 просмотров

Ауылшаруашылық мақсаттағы жерді дисконтпен тек Қазақстан резиденттері ғана сатып алмайтын болды  

Екі жарым айдан кейін Қазақстанда Жер кодексіне енген өзгерту күшіне енеді. Соның арқасында жалға берілген ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді ашық аукциондардан сатып алуға болады. Ал оның кадастрлы бағасы 50%-ға дейін төмендетілуі мүмкін. Ұлттық экономиканың вице-министрі Қайрат Өскенбаев өткен Орталық коммуникация қызметінің брифингінде толыққанды мәлімет берді. Жерге байланысты барлық сауалдарға жауап берді. Ол «Бұл мәселе Қазақстан халқының көбінде алаңдатушылық тудырды» деп атап өтті. 

 «1-шілдеден бастап ауылшаруашылық жерлері аукционда сатылымға шығады. Әрине, біздің азаматтар сырттан бай адамдар келіп, инвесторлар қаптап, жердің бәрінен айырылып қалмаймыз ба деп алаңдап сұрақ қояды», – деді Өскенбаев.

Бұл сауалға жауап ретінде вице-министр Жер кодексінің 24-бабындағы 1-тармақты оқып берді. Онда «шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлғалар, ҚР жартылай азаматтығы бар заңды тұлғалар ҚР ауылшаруашылық жерін тек 25 жыл жалға алуға қақысы бар».

«Ауылшаруашылық жеріне басқа құқық берілмеген. Ауылшаруашылығына арналған бірде бір миллиметр, сантиметр қазақ жерін бөтен адам сатып ала алмайды. Жер кодексі, өзге де заңнама актілері ондай құқықты бермейді. Біздің ондай құқымыз жоқ», – деп сендірді вице-министр.

Алайда журналистердің басқа сұрақтарына жауап бере отырып Қайрат Өскенбаев, азаматтығы жоқ адамдардың үлесі 50%-дан аз болса, мысалы 49% болса, «онда шетелдік қатысушы ортақ кәсіпорын атынан аукционға қатыса алады». «Бұл Ортақ кәсіпорын жер иесі бола алады. Егер резиден еместігі өзгерсе, қазақстандық жақ 2% немесе 51% сатса, үш ай ішінде ортақ кәсіпорын қайтадан жалға алу құжаттарын 25 жылға создыртуы керек», – деп түсіндірді Өскенбаев.

Білгілі бір телімді жалға алып отырған жеке тұлға немесе заңды тұлға 49 жыл бойы сол жердің иесі бола алады. «Бірінші кезекте жалға алған адамның құқы қорғалады. Егер ол қаласа, әкімдікке өтініш білдіреді, әкімдік тікелей сату келісім шартын жасайды. Кадастрлы бағасы 50%-ға төмендейді. Ақысын бөліп төлеу құқы беріледі», – деді Қ.Өскенбаев.

Қайрат Өскенбаевтың мәліметі бойынша, Қазақстан ауылшаруашылық жеріне 160 аудан қарайды. 62 аудан шекаралық аумаққа жатқызылды. Онда «кез келген шетелдікке сатуға мүлде тыйым салынған жерлер» бар.

«Қазір Қазақстанда 100 миллион гектар жер пайдаланылмай тұр. Негізі бұл 100 миллион гектар жер сатылуы тиіс. Сонда ауыл шаруашылығы айналымға түседі», – деп түсіндірді вице-министр.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер