astana-view

Газдың бағасын өсіру несімен қауіпті?

2016 жылғы 21 Сәуір
8620 просмотров

Антимонопольді орган газ тасымалдаушы компанияның тарифті көтеруіне қарсылық білдірді

«Интергаз Центральная Азия» АҚ газды тасымалдау мен сақтау тарифтерін көтеруге өтініш білдірді. Оны қоғамдық тыңдалымда қарастырды. Жиын табиғи монополияларды реттеу комитетінде өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП тыңдауы кезінде тарифті көтермес бұрын, арнайы тарифтік жоба сарапшылары мен кәсіпкерлер-қауымдастығы тарифтік смета жасау керек деді. Сонда «Интергаз Центральная Азия» АҚ шығынды есептеу мен инвестициялық бағдарламаларын анықтауға болады.

«Интергаз Центральная Азия» компаниясының өкілдері айтқандай, 2016 жылдың 1-шілдесінен бастап олар газ тасымалдаудың бағасын көтермек. «Тауарлы газді сақтау мен ұсыну қызметінің тарифі 2016-2020 жж арасында 1000 текшеметрі 199,94 теңгеге бағаланған. Ол келесідей өзгеретін болады: әр мың текшеметрі 4523, 4581, 4706, 4691, 4597 теңге. Газды тасымалдау қызметіне қойылған бағадан 1380 теңге мың текшеметрге, содан ары қарай әр мың текшеметрге – 13640, 14972, 15627, 16186, 16717 теңгеден айналады», – деп хабардар етті өкіл.

Кәсіпкерлердің ойынша, компания ұсынып отырған тасымалдау тарифі (15458 теңге әр мың текшеметрге), қазіргі тарифтен (1380 теңге әр мың текшеметрге) 11 есе артық екен.

«Газдың бағасының шектен тыс қымбаттауы тұтынушылар үшін тым үлкен салмақ түсіреді. Бұл кез келген тауардың бағасына әсер етіп, зор қымбатшылыққа ұрындырады. (Жылу, электр, су бағасы да күрт өседі). Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі бірден төмендеп кетеді», – дейді өндірісте газ қолданатын кәсіпкер.

Тау-кен қазу мен тау-металлург кәсіпорындарының қауымдастығының атқарушы директоры Николай Родостовецтің пікірінше, газ қымбаттаса, «Казхром» ТНК» АҚ темір қорытатын Ақтөбе зауытының электр энергиясы 4 есеге өседі, қазірдің өзінде дағдарысты бастан кешіп жатқан «ССПГО» АҚ жентек өндіру өнімінің өзіндік құны 4% өседі. Осылай кете бермек.

Тыңдаудың қатысушылары, тарифке қатысты жобаларды әлі де дұрыстап қарап шығу керек. Әсіресе, тұтынушыларға ұсынатын қызмет саласын. Энергияны көп жейтін өндірістерге қатысты мәселені терең қаузаған абзал. Газдың бағасы қымбаттаса, барлық өнім түрлерін қымбаттатуға тура келетіндікті ескеру керек.

Табиғи монополияны реттеу мен бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілдері хабардар еткендей, олар «Интергаз Центарльна Азия» АҚ инвестициялық бағдарламаларына қарсылық танытты.

Тарифтер бойынша жобаның шешімін атқарушы билік 20 мамыр күні шығарады. 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер