astana-view

ЕАЭО кәсіпкерлері шешім қабылдауда белсенді болғаны жөн

2016 жылғы 25 Мамыр
8448 просмотров

Астанада өткен ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасы екінші отырысының қатысушылары осындай тоқтамға келіп отыр

Бірінші кезекте Одақтағы бес ірі бизнес-қоғамдастық басшылары әріптестерін сындарлы ынтымақтастыққа шақыра отырып, еуразиялық кеңістікте жаңа байланыстарды жолға қою қажеттігі туралы мәлімдеді. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, интеграция қарқыны мен ілгерілеу деңгейі бүгінгі күні жаңа белеске көтерілген, ал ЕАЭО Іскерлік кеңесінің  жаңадан тағайындалған президенті Виктор Христенко кәсіпкерлер өз ұлттық аумақ шегінен шыға білу керек екенін мәлімдеді. «ЕАЭО іскерлік ортасындағы өркениетті сұхбат пен барлық нарық қатысушыларының өзара келісімге отыруға даярлығы қосымша дамудың тікелей қайнар көзі мен мүше-мемлекеттер экономикасының тірегі болып саналады», – деп, пікірін жеткізді Виктор Христенко.

Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Александр Шохин бірыңғай ақпараттық-технологиялық платформа мен ЕАЭО жұмысына қызығушылық танытқан және еуразиялық кеңістікте серіктестер іздеп жүрген компаниялар туралы деректер банкін құруды ұсынды.

Бұл пікірге олардың Қырғызстан, Беларусь және Армениядағы әріптестері де қосылып отыр. Ал Беларусь өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері (жұмысшы жалдаушылары) конфедерациясы төрағасының орынбасары Николай Боровойдың ойынша, Одақтағы жасалып отырған жағдайлар өзара тауар айналымының артуына сеп болып, ішкі нарықтың жаңа сегменттерін игеруге және сыртқы нарықта ілгерілеуге  мүмкіндік беруі тиіс.

Ал Арменияның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері (жұмыс берушілері) одағының вице-президенті Нектар Мануков, өз кезегінде, бюрократиялық кедергілерді азайту арқылы бизнес жұмысын жеңілдету қажет деп есептейді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі алқасының мүшесі (министр) Вероника Никишинаның ойынша, интеграция аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтау кезінде Одаққа мүше елдердің кәсіпкерлік бірлестігі үшінші елдермен жасалатын серіктестіктің басты постулаттарын қалыптастыуға қатысуы керек. Осылайша, ұлттық мүддені есепке алу мүмкін болмақ.

Отырыс қатысушыларының пікірінше, Одақ кәсіпкерлері арасындағы өзара экономикалық қатынастардағы кедергілер, көп жағдайда, ЕАЭО нормативті-құқықтық базасының құқық пайдалану салдары болып саналады.

Одақтағы бизнес проблемалары мен мүмкіндіктері туралы «Атамекен»  ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісова да айтты. Оның сөзіне сүйенсек, бүгінгі күні отандық бизнес үшін алкоголь нарығын реттеу, Одақ мемлекеттік сатып алулар нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, сонымен бірге Одақ аумағында транзитті шектеу мәселелерін тез арада шешу маңызды болып тұр.

Осыған байланысты Іскерлік кеңес Төралқасы отырысының қатысушылары Одаққа мүше-мемлекеттердің өзара әрекеттесу механизмін жасап шығару ұсынысымен ЕЭК Кеңесі мүшелеріне өтініш жазды. Бұл механизм бойынша олар арнайы экономикалық шараларды пайдалана отырып, ЕАЭО елдерінің экономикасына теріс ықпал етуді болдырмайтын нормаларды қосуға міндетті.

Дана Жүнісова кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жағдайына кері әсерін тигізетін Комиссия құжаттарын анықтау мақсатында Реттеуші ықпалды бағалау (РЫБ) процедурасының құқықтық пайдалануына аса мән берді.

Жағдай реттеуші ықпалды бағалау процедурасына бизнеске тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық актілер енбейтінімен ушығып отыр. Бұл кедендік-тарифтік реттеу, ішкі нарықты, монополияға қарсы реттеуді, мемлекеттік сатып алуларды, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидияларды қорғау және т.б. Реттеуші ықпалды бағалаудан нақты салалар бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтайтын бағдарламалық-стратегиялық мәндегі құжаттар өтпейді.

«Атамекен» Палатасы Одақта жасалып жатқан жағдайлардың негізгі атқарушысы және ақырғы пайдаланушысы бизнес болатынын үнемі айтып келеді. Дана Жүнісованың айтуынша, құқықтық негіздеме бизнес-климатты жақсартуға бағытталған, ал кәсіпкерлердің ЕАЭО-тың шешім қабылдау процесіне қатысуы табысқа жеткізер жол.

Александар Шохиннің айтуынша, бұл мәселе бизнес үшін аса маңызды, сондықтан, бизнес жүргізу шарттарына әсер ететін Одақ құжаттарының екінші оқылымын қарастыру қажет.

Талқылау нәтижелері бойынша, Іскерлік кеңес Төралқасы Тараптар мен Іскерлік кеңес сарапшыларына РЫБ-қа жататын мәселелер тізімі мен олардың қабылдану алгоритмін қайта қарауды және қызығушылық туындаған жағдайда, бұл мәселені шешу мақсатында ЕЭК-ге жүгінуді тапсырды.

Қандай да бір маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін саны аз немесе Кодекс жобасына енбеген кәсіпкерлік қызметті қолдаудың нақты механизмдерін жасап шығару туралы «Атамекен» ҚР ҰКП кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры Дина Мамашева айтып берді. Ол Іскерлік кеңес мүшелерін аталған ұсыныстарды Еуразиялық комиссия алаңында қорғап шығуға шақырды.

Одақ бизнес-қоғамдастық басшыларының пікірінше, Астанадағы басқосуда мәнді әрі сындарлы әңгіме өрбіді. Отырыс барысында айтылған шешімдер мен тапсырмалар Іскерлік Кеңестің барынша белсенді ұмтылысын айқындап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер