astana-view

Қазақстан Президенті: «Біз жетістіктерімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек»

2016 жылғы 26 Мамыр
8165 просмотров

Мемлекет басшысы «әлемдік экономиканың бөлшектелуі» мүмкін деп есептейді

Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық экономиканың саяси мақсат-мүдделердің қайшылығынсыз дамығаны маңызды деп есептейді. «Біз бүгін бір жолайрықта тұрмыз, және де бұдан арғы жаһандық даму қандай жолмен жүретіні негізінен бүкіл әлемдік қоғамдастықтың бірлескен іс-қимылының айқындығына, реттелгендігіне байланысты болмақ. Алдағы уақыттағы оқиғалардың ықтимал даму жолдарының бірі – бұл әлемдік экономиканың фрагменттелуі», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы бүгінгі Астана экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде сөйлеген сөзінде.

Қазақстан Президенті: «Қазір үкімет пен орталық банктердің экономикалық белсенділікті жандандыруға арналған мүмкіндіктері барған сайын азайып барады», деп қосты.

«Бұл жағдайларда протекционизмге кетіп қалу, сыртқы әлемнен оқшаулануға азғыру қаупі ұлғая түседі. Біз қазірдің өзінде осындай саясаттың көптеген  жекелеген мысалдарын көріп отырмыз», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мысал ретінде ол «ДСҰ-ның орнына жекелеген сауда блоктарын құруды, капитал қозғалысына шектеулер енгізуді, өзара санкцияларды, саудаға арналған тосқауылдардың кеңеюін» атады.

«Біз Америка Құрама Штаттарымен Азия-Тынық мұхит сауда блогын құру қарсаңында тұрмыз, дайындалып жатқан келіссөздер жайлы әңгімелер естідік, мұнда, Еуразияның Орталық Азиялық кеңістігінде ШЫҰ құрамыз. Маусым айындағы кездесуде ШЫҰ сессиясы болады, және де, Үндістанның, Иран мен Пәкістанның ұйымға кіруі туралы мәселе көтерілуі мүмкін, сонда ШЫҰ-да 3 миллиард адам болады», – деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Н.Назарбаев мынадай сұрақ қойды: «Бұл жағдайда ДСҰ қалай жұмыс істейді?»

«Менің көзқарасым бойынша, осының бәрі тұйыққа апарады, ол ұзақ мерзімдік тұрғыда барлық елдерге зиянды, ал өзінің радикалдық сатысында бүкіл дүние жүзінде тайталасқа әкеп соғады, егер бұрынғы және бүгінгі тарихқа көз салсақ, осының бәрін болжап білу қиын емес», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев «қырғиқабақ соғыс тәжірибесін» еске салды, ол кезде «барлығы әскери және саяси блоктарға бөлінді және бірін бірі мүлдем қабылдай алмады, тіпті қарапайым адамдарды басқа елдерде қабылдамады».

«Біз бұның бәрінен өттік. Тек қабырғалардың қирауы мен қырғиқабақ соғыс кетіп, темір шымылдық түскеннен кейін ғана әлем еркін тыныстады, және әлемдік экономика да осыдан кейін өсе бастады. Бізге кейін шегінуге және өз жетістіктерімізді жоғалтып алуға жол беруге болмайды. Ең бастысы – осыны ойлау керек», – деді Қазақстан Президенті.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер