astana-view

30 инвестициялық жоба іске қосылмақ

2016 жылғы 27 Мамыр
9125 просмотров

Ағымдағы жылы Қазақстанда шетелдік инвесторлардың есебінен жаңа өнеркәсіп орындары ашылады

Ғаламдық дағдарысқа қарамай Қазақстан инвестиция орталығы ретінде инвесторлардың қызығушылығын оятуда. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі XXIX  пленарлық отырысы барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов мәлімдеді. «Бүгінгі таңда барлығы 40 миллиард АҚШ долларын құрайтын өндіруші өнеркәсіпке салынған инвестиция бойынша 200-ден аса шетелдік инвесторлардың бастамасы жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады министр.

Әсет Исекешов «алғашқы нәтиже де бар» дейді. «Осы жылдың өзінде шетелдік 30 инвестордың бастамасымен жаңа кәсіпорындар іске қосылады», – дейді ол.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі трансұлттық компаниялармен жұмыс жасауға баса назар аударып отыр. Әсет Исекешовтің сөзінше, ТҰК өкілдері «40-тан астам бастама» көтерді, сондықтан, әр трансұлттық компанияның «нақты әрекет ету жоспары бар, күн сайын тәжірибе жүзінде оларға мониторинг жүргізуде».

«Мысалы, Маңғыстау облысындағы италияндық Tenaris компаниясы мұнай құбырларын өндіруді шілде айынан бастап іске қоспақ. «Еурохим» минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттың құрылысын бастайды», – деп мысал келтіріп өтті Әсет Исекешов.

Қазақстанда ағымдағы жылдың ішіндеамерикалық Materia компаниясыжаңа материалдар және аддитивті технологиялар орталығын, сондай-ақ, IBM компаниясы FinTech қаржылық-технологиялық орталық ашпақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер