astana-view

Мақсат – қиын шақта кәсіпкердің қасынан табылу

2016 жылғы 01 Маусым
- Жетісу облысы
6764 просмотров

ӨКП заңгерінің арқасында үш компания сотта жеңіске жетті

Сәуір айында бизнесті қорғау желісі бойынша кәсіпкерлерден келіп түскен 30 арыз-шағым оң шешімін тапты.

Бұл туралы кәсіпкерлердің құқын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімінің сарапшысы Думан Керімбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, сәуір айының өзінде құқық қорғау мәселесі бойынша 53 шағым тіркелген. Олардың арасында жеке кәсіпкерлер ғана емес, орта және ірі бизнес өкілдері де бар. Бизнесте қалыптасып қалған мәселелердің қатарынан салық әкімшілігі, мемлекеттік сатып алу, жер қатынасы, құрылыс, сәулет және  қала құрылысы, рұқсат беру мәселелерін ерекше атап өткен жөн. Құқықтық блоктың мамандары кәсіпкерлерге заңгерлік кеңестер ұсынды, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдарға тиісті хаттарды жазуға және оны жолдауға көмек көрсетті.

«Мәселен, Текелі қаласындағы кәсіпкерлер палатасының филиалына Галина Арынғазинова өз иелігіндегі жер теліміне жылыжай салуды және оны кеңейткісі келетінін айтып көмек сұрады. Осыған дейін кәсіпкер қандай құжаттар қажет екенін, қай органға жүгіну керек екендігін білмеген. Біздің мамандар оған кеңес беріп, жер қатынасы бөліміне хат жолдады. Біздің сарапшылардың әрекетінен кейін кәсіпкер әйел жер телімін қайта рәсімдеп алды және жылыжай салу үшін берілетін рұқсат құжаттарына қолы жетті», – дейді Д.Керімбаев.

Қаланың тағы бір кәсіпкері өз мәселесін оңтайлы шешіп отыр. Өңірлік филиал Таңатар Еркінбектің өнімді өткізу мәселесіне көмек көрсетті. Кәсіпкер бірнеше жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. Ал, малдан алынатын дайын өнімді өткізу ол үшін мәселенің үлкені. Палатаға көмек сұрап келгеннен кейін, кәсіпкердің дайын өнімдерін қалалық «Руал» нарығына өткізуге көмек көрсетілді.

Атап өтсек, ӨКП заңгері Диас Оташбаев кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы немесе мемлекеттік органдармен арадағы азаматтық-құқықтық дауларына әділ шешім айтып жүрген маман. Заңгердің кәсіби шеберлігінің арқасында үш компанияның ісі сотта жеңіске жетіп отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер