astana-view

Әскерилер отандық киім киеді

2016 жылғы 15 Маусым
8986 просмотров

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының консорциумы қазақстандық әскерилерді отандық киім-кешекпен қамтамасыз етпек

Біз Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының заңгері Серік Доспаевпен әңгімелескенде, ол бірнеше кәсіпкердің тұтас бір саланы қалай құтқарып қалмақ болғаны жайлы атып берді.

«Бір жыл бұрын компаниялар тобы Жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағына бірікті. Біз әскери киім-кешек және өзге де арнаулы киімдер өндіру кезінде қазақстандық құрамның үлесін ұлғайту үшін әрекет ету қажет деп шештік. Шикізат өңдеуші кәсіпорындар және жеңіл өнеркәсіптің дайын өнімдерін өндірушілер консорциумына біріктік, оған бес компания кірді. 20-дан астам компания мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қосарлы орындаушылар болып табылады. Бағдарлама әзірлеп, оны Қорғаныс министрлігінде таныстырдық және мемлекеттік қорғаныс тапсырысын таяу жылдары орындауға уәде бердік. Бұл ретте біз өзімізге қазақстандық шикізатты пайдалану міндетін алдық», – деп баяндады ол.

Доспаевтың айтуынша, бағдарлама бес жылға есептелген. Осы мерзімнің соңына қарай шикізатта 100 пайыздық  қазақстандық құрамға қол жеткізу жоспарланған. Бұрын Қазақстанда мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде өндірісте отандық шикізат мүлдем қолданылмады деуге болады. Қазірдің өзінде осы жылдың қорытындылары бойынша әскери киім-кешек 30%-ға қазақстандық шикізаттан тұрады.

«Тігін фабрикалары арасында көлемді  дәл осы шикізат өңдеушілердің бөліп беруі әуел баста ойластырылған, бұл тігін фабрикалары арасында дұрыс  бөлініс жасап, жұмысты бір арнаға түсіру үшін қажет. Әйтпесе, керісінше болып шығуы мүмкін. Егер тігін фабрикаларына ерік берсек, олар шикізатты арзанға шетелден сатып алар еді. Ал, біздің шикізатымыз сапалы, толық көлемде стандартқа сай келеді»,– деді ол.

Консорциум бес жыл ішінде барлық әскери бөлімдерді киім-кешекпен қамтамасыз ету міндетін алды. Бүкіл процесті әкімшілендіруді де кәсіпкерлер өз мойнына жүктеді. Кезінде бұл функциямен Қорғаныс министрлігі айналысатын. Кейінірек бұл жұмыс «Қазақстан Инжиниринг» компаниясына берілді.

Доспаев бұл бағдарламаны іске асырудың қорытындысы ретінде қазақстандық дайын өнімдердің үлесі жоғары болатындығын атап айтты.

«Бұл тәжірибені біз басқа ведомстволарға да, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігіне де таратуды қалаймыз», – деп түйіндеді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер