astana-view

Премьер-Министр: «Біз «Атамекеннің» пікіріне құлақ түруге міндеттіміз»

2016 жылғы 16 Маусым
7909 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы маңайына бизнесті топтастырып, оның мүддесін белсенді түрде қорғауда

Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кәсіпкерлікті дамыту ісіндегі «Атамекен» ҰКП-ның топтастырушы рөлін атап өтті.

«Алдымен сіздерді «Атамекен» ұйымының құрылып, ел ішіндегі барлық кәсіпкерлердің басын біріктіре алуымен құттықтағым келеді. Қазірде сіздер Үкіметке, министрліктерге, әкімдерге бірыңғай көзқараспен топтасқан түрде жүгіне аласыздар. Аз уақыт бұрын ғана мұндай болмаған еді, ортақ шешімге келу қиын болған 2008-2009 жылдардағы дағдарыс есіме оралады. Кейде кәсіпкерлер, түрлі қауымдастықтар кәсіпкерліктің мәселесін көтерсе де, қарама-қайшы көзқарастар ұсынатын еді», – деді Кәрім Мәсімов «Атамекен» ҰКП III Съезінде.

«Бүгінгі таңда бұл мәселе сіздердің жауапкершіліктеріңіздің арқасында шешімін тапты, өйткені сіздер Үкіметтің де, министрліктердің де алдында барлық кәсіпкерлердің атынан сөйлейсіздер, қазір бізде ары қарай дамуды қамтамасыз ету үшін пікірі маңызды және оған құлақ түргізе алатын әріптес пайда болды», – деп сөзін жалғады Премьер-Министр.

Ол сондай-ақ «Елбасының тапсырмасымен кәсіпкерлермен осындай үлгіде жиі кездесіп тұратындығын» айтып өтті.

«Сіздердің де өкілдеріңіз Үкіметтің барлық отырыстарына, барлық негізгі экономикалық жиналыстарға әрдайым қатысып тұрады, ол жақта сіздер бір жағынан өз көзқарастарыңызды екінші жағынан біз қабылдап жатқан шешімдерді жеткізе аласыздар», – деді К.Мәсімов.

Үкімет пен кәсіпкерлер арасындағы осындай сұхбаттасу мысалы ретінде Премьер-Министр Салық кодексінің жаңа жобасы төңірегіндегі жағдайды келтіріп өтті. «Сіздер жаңа Салық кодексін дайындап, енгізу туралы мәселені бірнеше рет көтердіңіздер. Сіздердің пікірлеріңізге құлақ асып, біз Елбасына жүгіндік, ол сіздердің жағдайларыңызды жақсарту үшін кәсіпкерлердің көз қарастарын ескере отырып, оны тағы бір жылдың ішінде аяқтауға рұқсат берді. Мұнда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы енгізген сіздердің де ұсыныстарыңыздың арқасы деп ойлаймын», – деп атап өтті Кәрім Мәсімов.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер