astana-view

Шебердің қолы ортақ

2016 жылғы 17 Маусым
- Павлодар облысы
10386 просмотров

Іскерлік байланыстардың кеңеюі кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол  ашады

«Егер бір нәрсені білмесең, қорқудың қажеті жоқ, білуге және үнемі оқуға, өнімнің сапасын жақсартуға, шеберлердің тәжірибесін алуға ұмтылу керек», – деп санайды табысты кәсіпкер Виталий Битнер.

«Шеберлер қаласы» фирмасы Қазақстанның барлық өңірлерінде сұранысқа ие болған жұмсақ жиһаз дайындайды.

Отбасылық бизнес 2000 жылы бастау алды, сол кезде жас кәсіпкер ата-анасының ескі үйінде өз бетімен жиһаз жасауға кіріскен болатын. Бизнес біртіндеп аяққа тұрды, әкесі әкімшілік жұмыстармен айналысты, содан кейін отбасының басқа мүшелері де тартылды. Қазіргі уақытта кәсіпорында 70-ке тарта адам еңбек етеді.

«Әрбір клиентке оның қалағанын жасап беру керек», – деп табыс құпиясымен бөлісті Виталий. Фирма уақыттың көшінен қалмауға, бүкіл сәнді үрдістер жайлы хабардар болуға тырысады, жиһаз өндірушілердің көрмелеріне үнемі барып тұрады, сондай-ақ сенімді іскер әріптес мәртебесін сақтап қалуды қалайды.

Өндірісті кеңейту мақсатында бизнесмен Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Өңірлік палата директорының орынбасары Бағдат Телебай «Бизнестің жол картасы – 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыстар» құралы іске асырылатынын айтты, сол бойынша кәсіпкер Германияда тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың мерзімі – 1 ай, сол аралықта қазақстандық бизнесмендер өндірісті құру жөнінде шетелдік әріптестерінің тәжірибесін зерттеді, кәсіпорындарға барды.

Инструментті іске асыру қазақстандық кәсіпкерлердің шетелдік компаниялармен іскерлік байланысын орнатуға, олардың жұмысымен танысуға, бизнес-процестерді іске асыруға бағытталған.

«Германияда менеджменттің керемет моделі құрылған ірі кәсіпорындар бар. Аталмыш тәжірибе оны үйрену мүмкіндігі бар және өз фирмаларының бүкіл басқарушы құрамын еуропалық деңгейге көтеруге ниетті біздің кәсіпкерлерге де өте пайдалы болмақ», – дейді Б.Телебай.

«Тағылымдама нәтижелерін сараптай келе, шетелдік өндірушілермен араласу тәжірибе алмасу тұрғысынан өте пайдалы болды деп атап айтқым келеді, енді бізде қазақстандық тұтынушылар үшін еуропалық сападағы жиһаз  дайындаудың перспективалы мүмкіндіктеріне жол ашылды», – деді В.Битнер.

Оған қоса, бизнесмен өңірлік Палатаға іскерлік байланыстарды кеңейтуге ықпал еткені үшін алғыс айтты, бұл отбасылық кәсіпорынды дамытуға жаңа серпін берді.

Қазірде «Шеберлер қаласы» фирмасының жаңа бизнес-жобаларды іске асыру жөніндегі идеялары мен жоспарлары өте көп.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер