astana-view

Жобаңыз алға бассын десеңіз

2016 жылғы 20 Маусым
- Жетісу облысы
7864 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына қатысуға шақырып отыр

Еске салсақ, Алматы облысы Өңірлік картасын «Жетісу-Инвест-2016» халықаралық бизнес-форумы аясында 10 маусым күні таныстырған болатын. Таныстыру рәсімінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Карта инвестициялар тарту мен бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасаудың тиімді құралына айналады деген еді. Себебі, интернет-ресурста өңір ерекшелігі мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайлар жасалған.

Бүгінгі күні Кәсіпкерлер палатасы инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп отыр. Кәсіпкерлердің бизнес жобалары мен жаңа идеяларының ерекшеліктері назарға алына отырып, Өңірлік картаға енетін болады. Бизнес үшін бұл дамудың тиімді жаңа тәсілі болмақ, себебі дәл Палата жобаны одан ары қолдаумен және ілгерілетумен айналысады.

«Өңірлік карта – кәсіпкерлік үшін пайдалы құрал, өндірісті кеңейтудің, арттырудың жаңа механизмі. Картаға енгеннен кейін мүмкін болатын инвестициялық тәуекелдер бағаланады, жобаның инвестициялық тартымдылығына баға беріледі, құжаттардың талдауы мен сараптамасы жүргізіледі, жобалық құжаттаманы  жасауға көмек беріліп, өзге де қажетті қызметтер көрсетіледі. Егер сіздің бизнес ашу жөніндегі қызықты жобаларыңыз, бизнес-жобаларыңыз болса, кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруға дайын екенімізді айтамыз», – деді  Алматы КП жобаларды қолдау бөлімінің сарапшысы Дана Қалықова.

Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы келесі электронды мекенжайлар бойынша қолжетімді болмақ: http://businessnavigator.kz/ru және http://www.businessmap.kz/ru.

Алматы облысы бойынша биофармацевтика, құрылыс және құрылыс материалдары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, тағамдық өндіріс, қағаз өнеркәсібіне қатысты жобалар енгізілген.

Қызықтырған сұрақтар бойынша Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Қалықова Дана Дүйсенханқызына көрсетілген телефондар арқылы байланысуды сұраймыз: 8 7282 401 498, ұялы телефоны: 8 775 691 0088 немесе сұрақтарыңызды d.kalykova@palata.kz электронды мекенжайына жолдауыңызға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер