astana-view

«Атамекен» украин тауарларын импорттаушылардан ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға асықпауды сұрайды

2016 жылғы 21 Маусым
8434 просмотров

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Украинадан Қазақстан Республикасына Ресей аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктерді тасымалдау тәртібін бекітетін РФ Президенті жарлығының әрекет ету мерзімі аяқталады

Еске салсақ, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап украиндық тауарларды Қазақстанға транзитпен Ресей аумағы арқылы әкелудің айрықша тәртібі орнатылған болатын, оған сәйкес тауарлар Украина аумағынан Қазақстанға тек бекітілген өткізу орындары арқылы белгілі бір жүру бағыты бойынша, сонымен бірге кедендік ілесу және ГЛОНАСС жүйесі негізінде пломба орнату арқылы ғана жеткізілетін болған.

Өткен жыл ішінде Ресей бекіткен бағыт пен жүктерді тасымалдау ережелері бойынша 400-ден астам қазақстандық автокөліктік құралдары мен 1500-ден астам теміржол вагондары жүріп өткен. Жаңа енгізілген жүру тәртібінің қаржылай шығындарына қарамастан, отандық жүк тасымалдаушылар сапалы түрде ресейлік заңнама талаптарын орындаған, ҚР ҚМ МКД ақпараты бойынша жыл басынан бері қазақстандық жүктерді жеткізу кезінде кәсіпкерлер тарапынан бір де бір кедендік заңнаманың бұзылу дерегі тіркелмеген. Ресей аумағынан Қазақстанға өтетін транзиттің маңыздылығы біздің елдің географиялық орналасуымен ғана емес, сонымен бірге украиндық контрагенттер отандық кәсіпкерлер үшін жолға қойылған экономикалық байланыстардың сенімді серіктестері ретінде шартқа енген. Тек биылғы жылы ғана құны шамамен 14 млрд АҚШ долларына татитын украиндық өнімді жеткізу туралы 3000-нан астам келісім-шарт жасалған.

Украинадан импортталатын тауарлардың негізгі номенклатурасын тағамдық және кондитерлік өнімдер, жиһаз, құрылыс материалдары, өнеркәсіптік және өзге де тауарлар құрап отыр.

Мұнымен қоса, жарлықтың әрекет ету мерзімі осы жылдың 1 шілдесінде аяқталады.  Алайда бүгінгі күні Ресей Федерациясының украин тауарларын Қазақстанға Ресей аумағы арқылы тасымалдаудың одан арғы шарттары туралы Ресей Федерациясының ресми ақпараты жоқ, бұл қазақстандық бизнестің барлық украин өнімдерінің таринзитіне тыйым салуы мүмкін деген қаупін тудырып отыр. ЕАЭО-ның қолданыстағы нормативті-құқықтық базасы, өз кезегінде, «санкция салынған» өнімдер тізіміне енбейтін тауарлардың транзиті мен оларды енгізудің айрықша шарттарын шектеуді қарастырмайды.

Мысалы, 2014 жылдың тамыз айында Ресей үкіметі «РФ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген арнайы экономикалық шараларды пайдалану туралы» қаулы шығарған, оған сәйкес әкелуге тыйым салынатын тауарлардың белгілі бір санатының тізімі бекітілген. Қисынға салсақ, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап №1 жарлықтың күші жойылса, онда Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу, оның ішінде транзиттің өтуіне тыйым салу тек «санкция салынған» тауарлар тізіміне ғана жарамды болуы керек.

Жағдайды түсіндіру мақсатында ҰКП Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, Ресей Федерациясынан одан ары тасымал алгоритмі жөнінде ресми түсіндірме алу жөнінде жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты «Атамекен» ҰКП отандық кәсіпкерлерді жағдайдың анық-қанығы  мен Ресей Федерациясы арқылы украин өнімдерін өткізу шарттары белгілі болғанға дейін қосымша келісім-шарттар мен қосымша төлемдер жасауды тоқтата тұруға шақырып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер