astana-view

Ең дұрыс жол – қателіктен сабақ алу

2016 жылғы 28 Маусым
- Жетісу облысы
6779 просмотров

Мемлекеттік сатып алулардың қыр-сырын енді Палатадан үйренуге болады

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алулар мәселелері жөніндегі тегін семинарларды іске қосуда. Оқуды ӨКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім сарапшысы Айдар Қажымұқан жүргізеді. Кәсіпкерлерге арналған семинарлар Кәсіпкерлер палатасында әр бейсенбі өтеді. Оның айтуынша, семинарларды ұйымдастырудың басты себептері кәсәпкерлердің ҚР заңнамасын білмеуі болған.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңды білмегендіктен, кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алулар порталының жауапсыз қатысушылары тізімінен бір-ақ шығады, шарттар мен жобалар бұзылады. Тараптар арасында кикілжіңдер туындайды. Сондықтан мұндай оқыту семинарларын өткізу өзекті болып отыр», – дейді сарапшы.

Алғашқы семинарда Айдар Қажымұқан заңнаманың ерекшеліктерімен, оның ішінде «Мемлекеттік сатып алулар саласындағы Реестрлерді қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қаржы министрлігінің бұйрығымен таныстыруды көздеп отыр. Мұндай құжаттың барын біреу білсе, біреу білмей жатады екен. Оған сәйкес, 3 жұмыс күні ішінде шарт ұсынбаған жеткізуші қара тізімге енгізіледі.

«Кәсіпкерлер шартты қай электронды поштаға жіберу керек екенін білмейтіні анықталған. Ұйымдардың көбісі құжатты mail.ru поштасы арқылы аламыз деп күтеді екен. Ереже бойынша құжат мемлекеттік сатып алулар порталының поштасына жіберіледі. Яғни, поштаға емес, жеке кабинетке. Демек, кәсіпкер осылайша үш күн ішінде шартқа қол қоймай, тараптар талабын бұзады. Осылайша, олар жауапсыз жеткізушілер тізімінен бір-ақ шығады», – деп түйіндеді сарапшы Айдар Қажымұқан.

Мысалы, қаржы бақылау инспекторы ұсынған деректерге сүйенсек, 2016 жылдың бірінші маусымы ішінде, өткізу ережелерін бұзғаны үшін жалпы құны 24 миллион теңгеге тең 366 лот іске аспай қалған. Мемлекеттік сатып алулардың өтпей қалғаны үшін бірінші басшылар мен атқарушыларға айыппұлдар салынған.

Бұдан бөлек, заңгер кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алулар порталында жұмыс жасау тәртібін де айтып бермек. Сонымен бірге, оның айтуынша, бизнес өкілдері құжаттарды толтыруда, банк кепілдемелерін ұсынуда қателер жібереді екен.

Еске салсақ, Палата бастамасымен жергілікті құрам және отандық тауар өндірушілерін бақылау жөніндегі комиссия құрылған. Оның міндеттерінің біріне мемлекеттік сатып алулар саласындағы бизнес мүддесін бақылау және қорғау жатады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер