astana-view

Өнеркәсіптік альпинизмнің өзекті тұстары

2016 жылғы 29 Маусым
9003 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында өнеркәсіптік альпинизм саласында қызмет етіп жүрген бизнес субъектілерімен жиналыс өтті

Аталған саламен айналысатын кәсіпкерлер бірқатар мәселелерге қатысты шағым айтты. Солардың ішінде әкімшілік кедергілерге байланысты мәселелер де бар. Мәселен, өнеркәсіптіп альпинизм саласын реттейтін заңнамалық нормалар жоқ. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы «Өнеркәсіптік альпинизм саласындағы кейбір мәселелер туралы» бұйрығы жалғыз ғана реттеуші болған, алайда ол 2015 жылдың желтоқсанында күшін жойды. Осылайша, Қазақстандағы өнеркәсіптік саласы қазіргі таңда мемлекет тарапынан ешбір бақылаусыз қалуда. Бұл биікте атқарылатын жұмыстардың сапасына кері әсерін тигізуде.

Жиналыс қорытындысы бойынша өз мүдделерін қорғау және ұсынылатын қызметтің сапасын жақсарту мақсатында салалық қауымдастық құру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ 12 шілде күні «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің және өзге де осы мәселеге қызығушылық танытып отырған мемлекеттік органдардың өкілдерімен бизнес өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтеді.

Осыған байланысты өнеркәсіптік альпинизм саласының түйіткілді мәселелеріне қатысты өтетін кеңейтілген жиынға қатысуға тілек білдіруші кәсіпкерлер мына нөмір бойынша жиналысты ұйымдастырушыларға хабарласуына болады: + 7 (7172) 91 93 52.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер