astana-view

Бизнес үшін маңызды заң қабылданған күн

2016 жылғы 04 Шілде
- Жетісу облысы
7645 просмотров

Бүгін «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң қабылданған күн 

Еске салсақ, 2013 жылдың 4 шілдесінде мемлекет басшысы кәсіпкерлер үшін өте маңызды құжат қабылдады. Президент «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңға сәйкес, бірқатар заң актілерін ретке келтіруге тиісті  Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  мәселелері бойынша заңдық актілерге де қол қойды.

Алматы облысы кәсіпкерлік қоғамдастығының пікірінше, Ұлттық палата  туралы заңды қабылдау бизнестің дамуына жақсы жағдай жасауға жол ашады. 

«Бүгінге таңға дейін бизнес-жоспар әзірлеу немесе жеңіл несие алу туралы айтпай-ақ қояйық, есеп жасаудың өзі шаруа қожалықтарын біраз әуре-сарсаңға түсіреді. Даулы мәселе туа қалса, бізге кім кеңес береді,  бізді кім қорғайды деп ойлайтынбыз. Қазіргі ахуалымыз басқаша. ҰКП негізі қаланғаннан бастап кәсіпкердің сенімді көмекшісі, кеңесшісі және қорғаушысына айналды. Біз енді қорғанымыз да,  қорғаушымыз да кім екенін білеміз»,– дейді «Илямов» шаруа қожалығының басшысы Хусаин Илямов. Жуырда ғана жергілікті филиал шаруашылыққа оларға заңды негізді тиесілі минералды тыңайтқыштар алуға  көмектесті. 

«Хамраев С.» ЖК басшысы Сайфуллам Хамраевтың айтуынша, Ұлттық палата туралы заң бизнестің жүйелі  мәселелерін тиімді шешеді.

«ҰКП туралы заң қабылданғанға дейін бизнеске қолдау көрсететін, кәсіпкерлік қызмет атқаруды реттейтін орган болған емес. Қазір кәсіпкерлерге қатысты нормативті құқықтық актілердің қай жобасы болса міндетті түрде Палатада сараптамадан өтеді. Бірде-бір басшы ҰКП қызметкерлері құжат бизнесмендердің құқықтарын  бұза ма, қосымша кедергілер мен бөгеттер жасай ма деген сұрақтарға жауап іздеп, анық-қанығын білмейінше, пікір алмайынша құжатқа қол қоймайды», – дейді кәсіпкер. 

Ескелді ауданында тұратын  Раушан Жақыпбаеваның ойынша, «Атамекен» ауыл кәсіпкеріне нақты қолдау көрсетуде. Шағын несие жаңа бағдарламасына қатысушы  жуырда 5 млн теңге алды. 

«Ауыл шаруашылығы саласында жүргеніме он жылдан асты. Бірақ білгенімнен білмейтінім  әлі көп екен. Кәсіпкерлер палатасында кеңес алған соң жаңалықтар мен мүмкіндіктер жайлы білдім.

«Атамекен» қатысқан жобалар мен бағдарламалар ең айқын және адал, мен банктен жылдар бойы ала алмаған несиені мақұлдаған сәтте осы ойымның шүбәсіз екендігіне көзім жетті.  Бұл қаражат қант қызылшасын өсіруге жұмсалады», – дейді бизнесмен әйел.   

Өңірдегі кәсіпкердің сөздеріне қарағанда, «Атамекен»  көңілді толқытқан толғақты мәселелерді талқылап қана қоймай, бұл мәселелерді жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен талқыға салып, сұхбат  құратын орынға айналды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер