astana-view

Қолдаған жандарға мың алғыс!

2016 жылғы 08 Шілде
- Жетісу облысы
7096 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы мүмкіндігі шектеулі жандардың жобаларына жәрдем көрсетеді

Елдос Баялышбаевты бүкіл Алматы облысы біледі деуге болады. Ол өңірде бірінші болып мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту орталығын ашқан жалғыз және алғашқы кәсіпкер. Сырқатына қарамастан,  барлығын бір өзі жасауға, үлгіруге тырысады. Оның бастамаларын  Кәсіпкерлер палатасы да қолдайтын айта кеткен жөн. Жақында Елдос Баялышбаев жақсы жаңалығымен бөлісті. Оның «Шөп және адам қауіпсіздігінің тамыры» бағдарламасы бойынша гранттық  жобасы Жапонияда табыстылар қатарында аталды.

«Біз Елдостың барлық ісіне қуанамыз. Ол осыдан бірнеше ай бұрын бағдарламаға қатысуға тілек білдірді. Біз ақыл-кеңес бердік, стажеріміз, Жетісу мемлекеттік  университеті студенті Айдана Ратаеваны көмекші бол деп жібердік. Олар бірігіп, құжат жазды. Барлығы дұрыс болады деп сенеміз»,– деп әңгімелейді Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімі бастығы Алмагүл Оңғарбаева.

Елдостың айтуына қарағанда,  бұл жобаны жасауға 2 ай уақыт кетіпті.

«Біздің жобамыз «Ерекше мұқтаж жандарға арналған озық оңалту-жаттығу құралдарын алу» деп аталады. Жобаны жүзеге асыра отырып біз «Асар»  фитнес-орталығының жаңа сапалы оңалту деңгейіне шығуды жоспарлаудамыз. Мұндай жаттықтырғыштар өте қымбат, оларды Ресей,   Германия, Италия, Қытайдан және АҚШ-тан алуға тура келеді. Осы жаттықтырғыштардың арқасында оңалту барысын тездетіп, көбіне аяққа тік тұру мүмкіндігін береміз, өзі дербес қимылдап, өзіне өзі қызмет жасайтындай жағдайға келтіреміз»,– дейді Баялышбаев.

8 тамызда «Асар» орталығына жоба авторларымен танысу үшін Жапония шетел істері министрлігінің өкілі келмекші. Кәсіпкер ұйымдастырушылардың жағымды пікірі болар деп сенеді.   

«Шетелдіктердің  бізге келіп, танысуға ниет білдіруінің өзі – жақсылықтың нышаны. Бұл – ортақ іс. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева, адам капиталын дамыту бөлімінен  Алмагүл Оңғарбаева және Ардақ Қошқароваларға ақ алғысымды білдіремін. Олар менің барлық бастамаларымды қолдайды. Қолдаған жандарға мың алғыс жаудырамын»,– деп қосты кәсіпкер.

Елдос Баялышбаев  жуырда германиялық «SES Experten Service» деп аталатын тағы бір жобаны дайындай бастады.  Кәсіпкерлер палатасы атынан Елдосқа  және оның ниеттестеріне табыс пен жеңіс тілейміз.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер