astana-view

Бизнеске керектінің бәрі бір сайтта

2016 жылғы 08 Шілде
- Жамбыл облысы
8386 просмотров

Жамбылдық кәсіпкерлерге керекті ақпараттың бәрі taraz.palata.kz сайтында орналасқан

«Атамекен» ҚР ҰКП сайты palata.kz платформасында барлық өңірлерде жаңа сайттар жасап, қызмет көрсетуде.

Жамбылдық кәсіпкерлерге арнап taraz.palata.kz сайтында өңірдегі кәсіпкерлердің бәріне пайдасы тиер ақпарат топтастырылған.

Өзекті ақпараттан өзге, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі туралы, Кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесі жөнінде, Іскер әйелдер кеңесі хақында, «Бизнесті қорғау» мен «Бизнесті қолдау» сияқты маңызды айдарлар ашылған. Алғашқы айдарда Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер құқын қорғау бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайында және бизнестің заңды мүддесі туралы білуге және де бизнесті қорғау бойынша жасақталған барлық жедел топтардың қажетті телефондарын табуға болады, сол арқылы шұғыл топтар бизнесмен құқығы  бұзылған жерлерге жедел бара алатын болады. Одан бөлек жергілікті кәсіп иелері нормативті-құқықтық актілермен танысып, ниеті болса, өз ұсынысын қалдыра алады.

«Бизнесті қолдау» айдарында облыстағы әр ауданда орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының байланыс мәліметтері берілген. «Сервистік қолдау» айдары білімін жетілдіргісі келетіндерге пайдалы. Ол жерден семинарлардың тегін кестелерін тауып, соларға қатысу өтініштерін толтыра да алады. Қалаған адамға бейнекурстар қарастырылған. Қарап отырып оқисыз. «Отандық өнім өндірушілер» айдарында құрылыс компаниялары, тігін кәсіпорындары мен цехтары көрсетілген. Мұнда өндірілетін өнім түрлері де, бағасы, қызметі, байланыс мәліметі түгел бар.

«Пайдалы ақпарат» айдарында кәсіпкерлерге зор мүмкіндік бар – мұнда қазақстандық, халықаралық жәрмеңке, көрме, форум, семинарлар тізілген, оған қоса тікелей серіктестерден түсетін дайын коммерциялық ұсыныстар, пайдалы интернет ресурстарға бағытталған сілтемелер жинақталған.

«Taraz.palata.kz сайты үздіксіз жаңаланып отырады, күнделікті ақпарат пен жаңалықтар үзбей жарияланып жатады, – дейді Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. – Құрметті қолданушылар! Біздің интернет-сайтқа кіріп, өзіңізге қажетті ақпаратты алып отырыңыз, қазақстандық тауар өндірушілерді таңдаңыз, отандық өнімді сатып алыңыз! Егер өзіңіз өндіруші болсаңыз, телефон шалыңыз, жазыңыз, анкетаны толтырып, өз мәліметтеріңізді біздің базаға енгізіп қойыңыз! Біз кәсіпкерлерге арнап ортақ алаң жасадық, ресурсымызды жаңа ақпаратпен толтырып, жаңа айдарлар ашуға ұмтыламыз. Жамбыл облысындағы кәсіпкерлердің басты сайтына айналуымыз үшін бар ынтамызды салып тырысамыз». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер