astana-view

Алғыс жауған күн

2016 жылғы 22 Шілде
- Жетісу облысы
6312 просмотров

Кәсіпкерлер филиалдың сапалы қызметіне алғыс білдірді

Кәсіпкерлердің қалалық кеңесі ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесуде талай алғыс айтылды. Текелі  қаласы осы аймақтағы Кәсіпкерлер кеңесі құрылған алтыншы өңір болып саналады. ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаева кәсіпкерлерге бұл органның қандай  жұмыс жасайтынын айтып, таныстырды. 

«Кеңес жанында барлық мәселелер мен бағыттарды қамтитын жұмыс комиссиялары құрылады. Сіздердің кәсіпкерлеріңіз белсенділер қатарында екенін көріп-біліп отырмыз. Олар қоғамдық кеңестерге қатысады, мемлекеттік органдар алдында кәсіпкерліктің көкейкесті мәселелерін көтереді. Сондай-ақ, қалалық кеңес талқылаулар мен  жаңа идеялар ортаға салынатын орын болмақ», – дейді Л.Шыңғысбаева. 

Қалалық филиалдың директоры Тұрысбек Жұмаділов филиал барлық уақытта бизнес пен билік арасында тығыз  өзара іс-қимыл, сұхбат құра  білгендігін айтты. Кәсіпкерлер айтқан алғыс – осының айқын айғағы.   Мәжіліс кезінде сұрақтар қойылмады, ұсыныстар өте көп болды.

Кәсіпкер Ольга Рыжкова Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Ләззат Шыңғысбаеваға, филиалдың директоры Тұрысбек Жұмаділовке алғыс хаттар тапсырды. Олар көрсеткен жәрдемнің арқасында бизнесмен әйел мемлекеттік грант ұтып алып, өз ісін ашты. Кәсіпкер әшекей заттарын, кәдесыйлар және ойыншық қуыршақтар  жасаумен айналысады.

«Өз атымнан және сүттей ұйыған тату-тәтті отбасымның атынан облыстың кәсіпкерлеріне қамқорлық танытып, қолдау көрсеткені үшін және Кәсіпкерлер палатасының Текелі филиалының сапалы жұмысы үшін зор алғыс айтамын. Осы Палатаның арқасында қаламыздың кәсіпкерлері  өндірістік жұмыс мәселелерін шешуде құзыретті көмек пен қолдау көруде»,– деді ол. 

Тағы да бір кәсіпкер В.Савченко өңірдегі мәліметтерді серверге беру арнасының жұмысқа дайын еместігі және жетілмеуі салдарынан салық заңдарын бұзуға тура келіп жататынын айтады. «Үнемі істен шығу салдарынан бұл арнаның жұмысында апаттық өшу болып тұрады, ал кейбір жағдайларда бұғаттау да болады. Бұл арнаға бұғаттауды алып тастау үшін біраз ақша төлеу керек. Сонда не үшін төлейміз? Қызмет көрсеткен соң клиенттерге уақытылы түбіртек те бере алмаймыз, өйткені фискальды түбіртекті беру кідіріске ұшырайды. Мұндай іркіліс 10 минуттан бастап 2,5 сағатқа созылады, кейде тәулікке ұласады», – дейді ЖК басшысы. Оның сөздеріне қарағанда, мемлекеттік кірістер басқармасы мәліметтер берудің сапасы төмен жерлерде түйткіл мәселелерді шешу үшін әлемдік тәжірибені ескеруі қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер