astana-view

Тәттіге құмарларға құлаққағыс

2016 жылғы 02 Тамыз
- Павлодар облысы
9952 просмотров

Жұмыстың қаржылай табысқа жеткізіп қана қоймай, рухани қанағат сыйлағанын кім армандамайды

Ақсу қаласының тұрғына Назира Жанысова көптің ойында жүрген арманын іске асырып, сүйікті әрі пайдалы істі бір арнаға тоғыстыра білді. Декреттік демалыста отырған пысық келіншек тәтті нандар мен кондитерлік өнімдер дайындаумен айналысып кетті. Жас кондитер шеберлігін өз бетінше шыңдап, аталған бизнес біртіндеп отбасылық қазынаға айтарлықтай пайда әкеле бастады, әсіресе мейрамдар мен отбасылық той-томалақтарда.

«Адамдарды тамақтандыру әрдайым табысты бола бермек. Тәтті нандар мен торттар ешкімді бей-жай қалдырмайды», – деп ой түйген кондитер сүйікті ісін табысты бизнеске айналдыруға шешім қабылдады.

Бизнес-идеясын іске асыру үшін нәзік бизнесвумен Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрай барды. Ол жақта мамандар оған кәсіпкерлерді қолдауға арналған барлық бағдарламалар бойынша кеңес берді. Сондай-ақ «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқып, өзінің жеке кәсіпорнын ашты.

Бизнесті жүргізу жөнінде базалық білім алған соң Назира Жанысова шағын цех пен дайын өнімді сату үшін салқындатылған сөре орналастыруға арналған орынды жалға алды. «Тәтті» бизнесте оған екі адам қолғабыс етеді.

Ақсу ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалындағылардың айтуларынша, бүгінде мамандар өндірісті кеңейтіп, соған қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін несиелендіру бойынша аталған жобаны сүйемелдеуде.

«Қазіргі таңда үй тәттілеріне тапсырыс беру сәнге айналды, әсіресе сурет шығарудан бастап түрлі қызықты етіп безендіруге дейін түрлі тақырыптардағы торттар. Сіз бастап жатқан бизнесті ішкі жағынан танып, тіпті қанағаттандырғаны абзал. Бүгінде «торт пісірушілер» нарығы өте толы болғанымен де, өз тәжірибемде дәмді әрі сапалы тәтті нандардан ешкімнің бас тартпайтындығын аңғардым. Өйткені мен жұмыста тек қана табиғи өнімдерді пайдаланамын», – деп шеберлік құпиясымен бөлісті «тәтті» бизнестің иесі.

Өз шеберлігін шыңдау үшін Назира аспаздық іс бойынша көптеген шеберлік-сыныптарына қатысты. Бүгінде өзінің тұрақты клиеттері де бар.

Келешекте бизнесвумен үйдің дәміндей тәтті болуы үшін жартылай фабрикаттарды да дайындауды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер