astana-view

Бизнестегі бітімге келу жолы

2016 жылғы 05 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
9792 просмотров

2016 жылдың І тоқсаны бойынша бизнесті қорғау жүйесі негізінде түскен 80 өтініштің 10-ын ӨКП құқық бөлімі келіссөздер арқылы шешті

«Көптеген кәсіпкерлер табыс табуға болатын мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Көп жағдайда олардың бизнестегі мүдделері, басқа кәсіпкердің бизнес-мүдделеріне қайшы келеді. Оған қоса, барлық кәсіпкерлер өз уақытын жоғары бағалайды. Уақыттан бөлек, олар өздерінің бизнесіне қатысты бүкіл  құпиялылықты сақтағысы келеді. Бұл жағдайда жанжалдасушы тараптар арасында келіссөздер жүргізуші, бейтарап делдал – медиатордың көмегі өте зор», - деді облыстық «Медиация институтын дамыту» форумында БҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұржан Мақсотов.

Егер екі тарап та кәсіпкерлер болған жағдайда, өтініштер мен шағымдарды қарау барысында, Палата шешімі жоқ мәселенің түйінін шешу үшін келіссөздер жүргізуді қолданып отыр. Мұнда да, әдеттегідей, қиын мәселелерді кәсіпкерлердің өздері шешеді. Мәселенің шешу жолын өзара талқылап, келісімге келеді.

Дөңгелек үстелдер, кездесулер барысында кәсіпкерлерге  ҚР «Медиация туралы», «Төрелік туралы» заңдарының және медиацияның басты қағидалары түсіндірілуде. Іс жүзінде медиацияның мынадай артықшылықтары бар: бұл уақыт, құпиялық, қаржы, өз бетінше шешім қабылдау.

Сондай-ақ,  форумда Нұржан Мақсотов «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Төрелік және төрелік іс жүргізу орталығының жұмысы жайлы мәселе көтерді.

Кәсіпкерлерді «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Төрелік және төрелік іс жүргізу орталығының жұмысы мен оның құрылтайшылары және аталған орталыққа қандай мәселелер бойынша жүгінуге болатыны қызықтырды.

Форумға қатысушылар егер өздерінің іскерлік серіктестерімен келісімшарт жасау барысында, алдын ала келісімшарт мәтініне арнайы төрелік ескертпелер тармағы енгізілген  жағдайда, кәсіпкерлердің кез келген шаруашылыққа қатысы бар мәселелерін шеше алатынын айтты. Бұл ретте өзара келіспеушіліктер отандық кәсіпорындар арасында да, сондай-ақ шетелдік бизнес-серіктестер арасында да болады. Сонымен қатар, төрелік ету саласында едәуір  тәжірибесі бар және жоғары біліктікке ие кәсіби мамандардан құралған арбитрлар тізімі бар екендігі де айтылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер