astana-view

Түркияның сауда палатасы және тауар биржасы Одағы ҰКП бірігі отырып, орта және шағын бизнесті қолдау шараларын жүзеге асыруға қолғабыс тиізбек

2014 жылғы 12 Наурыз
7205 просмотров

ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен Түркияның сауда палатасы және тауар биржасы Одағы өзара байланысты арттыру туралы Меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Меморандум аясында Түркияның сауда палатасы және тауар биржасы Одағы  ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып, орта және шағын бизнесті қолдау шараларын жүзеге асыруға қолғабыс тигізбек. Бұл жөнінде Түркияның сауда палатасы және тауар биржасы Одағының президенті, Түркияның сыртқыэкономикалық байланыстар Комитетінің басшысы Рифат Хисарджиклыоглу мәлімдеді.

«Қазақстанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сынды институттың құрылғанына қуаныштымыз. Біз Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына орта және шағын бизнесті қолдау бойынша кеңес беруге әзірміз. Жуырда ҰКП біріге отырып, өзара байланысты арттыру туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Сол меморандум аясында Түркияның сауда палатасы мен тауар биржасы Одағы дерекқордағы мәліметімен бөлісуге әзір», - деді Р. Хисарджиклыоглу.

Сондай-ақ, ол аймақтық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесінде одақ қолғабыс тигізетінін мәлімдеді

Түркияның сауда палатасы және тауар биржасы Одағы еліндегі ең ірі үкіметтік емес ұйымы. Ол Үкіметтік органдарда жеке секторлардың мүддесін қорғайды және одан пайда іздемейді. Түркияның палатасы мен биржасына мүше болу ұлттық заңдары бойынша міндетті болып табылады.

Бүгінгі күні ТСПТБО 364 аймақтық сауда, өндірістік, теңіз палаталары мен тауар биржалары мүшелікке енген.Түркияның сауда палатасы және тауар биржасы Одағы түрік өндірісшілері мен кәсіпкерлеріне сыртқы экономикалық және сауда ісін дамытуда қолдау көрсетіп келеді. 66 елмен өзара байланыстағы Түркияның Іскерлер кеңесінің басын біріктіретін - сыртқы экономикалық байланыс Комитеті, Одақтың құрылымдық бөлімшесі осы істерге мұрындық болып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер