astana-view

ЕАЭО елдеріне карантиндік өнімдерді экспорттаушылар назарына

2016 жылғы 24 Тамыз
11304 просмотров

«Атамекен» отандық тауар өндірушілер мен экспорттаушыларды ЕАЭО-ның фитосанитарлық талаптарын сақтауға шақырып отыр

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің уәкілетті органдарының қазақстандық экспорттаушылардың карантинге жатқызылған өнімдерді тасуға қатысты тәртіптерді бұзу жайттарын анықтауы жиілеп кеткендіктен, «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция депатарменті отандық тауар өндірушілер мен экспорттаушылардың назарын ЕАЭО-ның фитосанитарлық талаптарын сақтау қажеттігіне аударып отыр.

Одақты құру оған мүше елдер арасындағы кедендік және өзге де рәсімдерді жеңілдетуді көздейді. Алайда, ЕАЭО туралы шарттың «Санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдану туралы хаттама» атты №12 қосымшасына сәйкес, Одақ шеңберінде карантинге жатқызылған өнімдерді одаққа мүше елдер арасында тасымалдау экспорттаушы тараптардың фитосанитарлық сертификаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Оған қоса, Қазақстанда «Өсімдіктер карантині туралы» заң карантинге жатқызылған өнімдерді фитосанитарлық сертификат болған жағдайда ел аумағынан шығаруды реттейді.

Фитосанитарлық сертификат беру рәсімі мемлекеттік қызмет мәртебесіне ие, сондықтан бекітілген стандартқа сәйкес жүзеге асырылады. Аталған қызметті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық, облыстық және аудандық бөлімдеріндегі аумақтық инспекциясы көрсетеді (мемлекеттік қызмет көрсету мекен жайлары АШМ-ның интернет-ресурсында орналасқан – www.minagri.gov.kz («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімі, «Өсімдік шаруашылығы саласындағы қызметтер»). Өтінім қызмет көрсетушінің мекен жайына беріледі (аумақтық инспекцияның кеңсесіне) немесе «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жіберіледі.

Өтінім беру мен фитонаситарлық сертификат алуға қажетті құжаттар тізімі:

қызмет көрсетушіге:

1) формаға сәйкес өтінім;

2) жеке басын куәландыратын құжат пен ұсынушының өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) импорттаушы елдердің өсімдік карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдік карантині саласындағы талаптары (оның сәйкестігін инспектор тексереді);

Портал арқылы:

  1. электронды құжат түріндегі өтінім;
  2. электронды құжат түріндегі импорттаушы елдердің өсімдік карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдік карантині саласындағы талаптары.

Анықтама үшін:

Ресей ФедерациясындаРесей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы «Ресей Федерациясы аумағына карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелудегі, сондай-ақ оны сақтаудағы, тасымалдаудағы, қайта өңдеу мен қолданудағы өсімдік карантинін қамтамасыз ережесін бекіту туралы» №456 бұйрығы;

Белорусь РеспубликасындаБелорусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі №57 қаулысымен бекітілген Белорусь Республикасы үшін карантинді нысан ретінде саналатын зиянкестердің, өсімдік ауруларының және арамшөптердің тізімі;

Қырғыз Республикасында – Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №376 қаулысымен бекітілген Қырғыз Республикасының аумағына кіргізілетін карантинге жатқызылатын өнімдерге қойылатын карантинті фитосанитарлық талаптар;

Армения РеспубликасындаАрмения Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Астықты өндіруге, сақтауға, қайта өңдеуге және жоюға қойылатын талаптарды техникалық реттеуді бекіту туралы» №22-Н қаулысымен бекітілген Армения Республикасының астық пен оның қайта өңделген өнімдеріне қойылатын талаптары.

Аумақтық инспекцияға өтінім берген соң инспектор өтінім берушіге карантинге жатқызылатын өнімдері тексеруге ұсыну мерзімі туралы ескертеді, өтінімді портал арқылы берген жағдайда, ескертпе қолданушының жеке кабинетіне келіп түседі. Бұл карантинге жатқызылатын өнімнің фитосанитарлық жағдайын анықтау мақсатында жасалады, қажет болған жағдайда, өтінім берушінің қатысуымен үлгілер іріктеледі (карантинге жатқызылатын өнімдерді карантиндік аймақтан шығарған жағдайда, үлгілер фитосанитарлық сараптамаға жіберіледі). Тексеру нәтижесі бойынша карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау актісін әзірлеп, соның негізінде карантиндік сертификат рәсімделеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, өтінім түрлері, қызмет көрсету орындары, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, шағымдану тәртібі және т.б. туралы толық ақпараттар «Карантинге жатқызылатын өнімдерді ҚР аумағынан шығаруға фитосанитарлық сертификат беру» мемлекеттің қызметінің стандартында ұсынылған (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012033).

Сондай-ақ Кедендік одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге сәйкес (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2013 жылғы 16 тамыздағы №50 шешімі редакциясында), белгіленген орынға келген кезде, карантинге жатқызылатын өнімдерді жеткізу орны немесе әкелу орны орналасқан аумақта импорттаушы тараптардың өкілетті органдарының лауазымды тұлғалары карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) жүргізіп, эскпорттаушы елдердің фитосанитарлық сертификатының түпнұсқасын қолданыстан шығарады.

Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП ЕАЭО-ға мүше елдердің аумағына карантинге жатқызылатын өнімдерді тасымалдау барысында туындаған проблемалық жағдайлар туралы қолда бар материалдарды қоса отырып, dei@palata.kz электронды мекенжайына хабарлауды сұрайды.

Мәлімет үшін: ЕАЭО-ға мүше елдердің ұлттық заңнамаларына сәйкес, фитосанитарлық талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын естеріңізге саламыз:

- Қазақстан Республикасында жиырмадан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл және оны залалсыздандыру мен қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда карантинге жатқызылатын өнімдерді тәркілеу;

- Ресей Федерациясында азаматтарға үш жүзден бес жүз рубльге дейінгі, лауазымды тұлғаларға бес жүзден мың рубльге дейінгі, заңды тұлғаларға бес мыңнан он мың рубльге дейінгі әкімшілік айыппұл салу қарастырылған;

- Белорусь Республикасында – оннан отызға дейінгі базалық көлемде, ал жеке кәсіпкерге отыздан алпысқа дейінгі базалық көлемде айыппұл салынады.

Карантинге жатқызылатын өнімдерді ҚР аумағынан шығаруға фитосанитарлық сертификат алу туралы дерек


Еншілес ұйымдар

Серіктестер