astana-view

Өмірін түбегейлі өзгерткен шешім

2016 жылғы 11 Тамыз
- Павлодар облысы
8886 просмотров

Медицина саласында жиырма жылға жуық уақыт еңбек еткен қызметкер кенеттен өз өмірін түбегейлі өзгертіп, бизнеспен айналысуға шешім қабылдаған

Адам баласы өзінің саналы ғұмырында бір сәтке болса да, «Мен өз ісіммен айналысып жүрмін бе?» деген сауалға жауап іздейді. «Мүмкін мен басқа бағытта қызмет етсем, бақытты болар ма едім?» Алайда, өз өмірін өзгерту қадамына көпшіліктің бара бермейтінін тәжірибе жүзінде көз жеткізіп келеміз.

Павлодар ауданының кәсіпкері Майя Бакриденованың да басынан осындай жағдай өткен. Алайда, ол өмірін өзгертуге бел буады. Медицина саласында 17 жыл тәжірибелі жұмыс істеп жүрсе де өмірін басқа арнаға бұрып, бизнеске кетуді ұйғарады.

«Үйренудің ерте-кеші жоқ», деп түйген Майя Гаккашевна. Ол 2015 жылы «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқып, бір жыл өткеннен кейін Өңірлік палатаға келіп, «Жобалық оқыту» курсынан өтеді.

«Мен көп нәрсені білдім, алған білімім мені қанаттандырды. Тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылар біздің тәлімгерлеріміз болды. Бизнесің енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан кезде қолдау білдіретін де сол кісілер. Олар өте тәжірибелі мамандар, сондықтан да сіздің бизнесіңіздің болашағы үшін не қажет екенін дөп басып айтып, кеңес бере алады», – деді іскер әйел.

Алған білімінен шабыт алып, отбасысының қолдауымен Майя Бакригденова өз бизнесін дамыта бастады. Ол бастапқыда сапалы ет сату бөлімін ашты. Өз ісіңнің аулаңда болғанының пайдасы көп, сондай-ақ ол ауылдастарынан ет өнімін сатып алады.

Кәсіпкер әйелдің бизнестегі келесі бағыты, бұрыннан арман еткен, «ешкі фермасы» болатын. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін оған мемлекет қолдау көрсеткен. Қаржылай көмек алғаннан кейін, фермер қазіргі таңда асыл тұқымды ешкілерді сатып алып жатыр. Оның айтуынша, осы ешкі түрінің өнім беру жағынан пайдасы өте көп. Заанен-ешкілері сапасы жақсы сүт өнімінін көп беретінімен қоса, етінің дәмділігімен танымал.

Жылдам, оңай, пайдалы – кәсіпкер әйелдің бизнесінің тағы бір берік ұстанымы. Әңгіме вешенка саңырауқұлақтарын өсіру турасында болып отыр. «Саңырауқұлақтың бұл түрі үй жағдайында өзіне зиянды заттарды жинамайды, сондай-ақ өзінің экологиялық тазалығымен дараланады. Бұл тек қана диеталық қана емес, сонымен қатар емдік қасиеті бар өнім. Табиғи, таза үй жағдайында өскен вешенка саңырауқұлағының дәмі тіл үйіреді», – деп өз ісі туралы қуана баяндады.

Көп жағдайда өмірін түбегейлі өзгерткісі келген жандарды алда күтіп тұрған белгісіздік пен сенімсіздік алаңдатады. Біздің іскер кәсіпкер нәзік жан өз тәжірибесінен: «Бірдеңеге қол жеткізу үшін, өзіңнің ерік-жігеріңе сенім артып, өз дүниеңді жасауға деген құлшынысың болу керек», – деп түйгенімен бөлісті. Ал оны жүзеге жасыру үшін Кәсіпкерлер палатасының тәжірибелі мамандары көмек қолын созуға әрқашан дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер