astana-view

Заңдарды жетілдіруге арналған онлайн-сервис іске қосылды

2016 жылғы 24 Тамыз
7803 просмотров

Өткен аптада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратура және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, өзінің сайтында заңнамадағы бизнеске кедергі келтіретін баптарды анықтау жөніндегі жобаны іске қосқаны белгілі

Бүгінде «Заңдарды бірге жетілдірейік» формуляры арқылы сатып алулар, салық салу және энергетика салаларындағы мәселелер бойынша бірнеше ұсыныс келіп түсті. Заңнамаларға өзгерулер енгізу туралы ұсыныстарды «Атамекеннің» сарапшылары мен мемлекеттік органдардың сол заңнамаға қатысты салаларына жетекшілік ететін тұлғалар қарайды.

Кез-келген адам Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында немесе Бас прокуратураның сайтында кәсіпкерлік мәселесі бойынша заңнамалардағы мәселелерді көрсете алады.

ҚР Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті директорының орынбасары Қайрат Тоқсанбаев түсіндіріп өткендей, барлық ұсыныстар Палата ішінде салалық бөлімшелердің қатысуымен жедел тәртіпте қаралады. «Заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды салалық департаменттер қарайды, егер мәселе бір салаға ғана қатысты болмаса, біз басқа да сол мәселеге мүдделі бөлімшелерді тартамыз», – деп мәлімдеді сарапшы.

Одан бөлек, шын мәнінде кәсіпкерлік туралы заңнаманың жетілдірілмеуі нәтижесінде туындаған ұсыныстар, оған сәйкес нормативті-құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Заңнама талаптарына қайшы келетін нормалар бойынша прокуратура прокурорлық жауап берудің тиісті шараларын қолданады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Бас прокуратура және «Нұр Отан» париясы Қазақстанның бизнес-қауымдастығын осы жұмысқа белсене қатысуға және «Заңдарды бірге жетілдірейік» формуляры арқылы заңнамаларды жақсарту бойынша ұсыныстар жіберуге шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер