astana-view

Юлия Якупбаева: Міндетті медицинадық сақтандырудан түсетін ауыртпалық орынды болуы тиіс

2016 жылғы 29 Тамыз
8380 просмотров

«Атамекен» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу үшін дайындық кезеңін 2019 жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр  

Бизнес-қоғамдастықтың міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін тиімді енгізу мәселелері жөніндегі негізгі ұсыныстары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында талқыға салынды. Бұл жиынға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов пен аталған министрліктің, салалық қауымдастықтардың, жұмыс берушілердің және бизнес-қоғамдастықтың өзге де өкілдері қатысты.

Биылғы жылдың маусым айында «Атамекен» алаңында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы тұжырымдама жобасы талқыланған-ды. ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, МӘМС енгізу – кәсіби қоғамдастық үшін де, жұмыс берушілер үшінде аса «нәзік» мәселе. «Бизнеске салынатын жүктемені жаңа жүйеден халық үшін де, бизнес үшін де келер пайда тұрғысынан қарау керек. Сондықтан, біз жаңалықты енгізу нәтижесінде халыққа көрсетілетін қызметтер сапасына баса назар аударып отырмыз», – деді ол.

Оның айтуынша, қазірден бастап жарналарды әкімшілеу, медициналық мекемелерді қаржыландыру, бұл жүйеге жекеменшік мекемелердің қатысуы, ерікті медициналық сақтандыруды қатыстыру және тағы басқа мәселелерді мұқият реттеп алмаса, онда МӘМС-ды енгізуді 2019 жылға дейін шегере тұру керек.

Юлия Якупбаеваның айтуынша, тұжырымдаманың бұл жобасында ҰКП-ның ұсынысы ескерілген. Бұл ұсыныс 12 айдың 11-інде МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу үшін аударымдарды төлеу мерзімін арттыруды болдырмау жөнінде болған. Сонымен бірге, тұжырымдамада банкроттық немесе жабылудың алдында тұрған кәсіпорындардың аударымдар мен міндеттемелер сомасын төлеуі бойынша жылдық қорытындысын түзету жөніндегі тұстар да айтылған.

ҰКП, сонымен бірге, аударымдар мен жарналарды төлемеген жағдайда клиент міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде төлем жасалмаған үш ай бойы көмек алып тұру мәселесін де көтерген болатын.

Kazenergy қауымдастығының өкілі Дастан Төленов күтілмеген шығындарға арналған Қор резервін қалыптастыруға баса назар аударып, мұндай шығындардың анық тізімін жасауды ұсынды. Сонымен бірге, ол қордан осы мақсаттарда ақшалай қаражат бөлу процедурасын жасауды және қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуді ұсынды.  Оның тағы бір ұсынысы – жұмыс берушілер мен мемлекеттен түсетін барлық аударымдарды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бір уақытта жүзеге асыруға арналды. «Неге жұмыс беруші жарты жыл бойы жарна төлеп, ал жұмысшы осы уақыт ішінде МӘМС аясында көмек ала алмауы керек?», – деген орынды сұрақ қойды Дастан Төленов.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ өкілі Бақыт Иманғалиев басқа бір проблемаға назар аударды. Ерікті медициналық сақтандыру аясында ақысын жұмыс беруші төлейтін медициналық қызметтерді көп жағдайда мұнайшылар отбасының мүшелері қолданады екен. Осыған байланысты, ол міндетті әлеуметтк медициналық сақтандыруға аударымдар төлеуге міндетті жұмыс күші тізімінен үйде отырған әйелдерді алып тастауды, сонымен бірге МӘМС пен ЕМС (ерікті медициналық сақтандыру) қаржыландыру пакеттерін амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек деңгейінде үйлестіруді ұсынды.  Бұл табысы анағұрлым көп тұрғындарға аса қолайлы қызметтер алуға, белгілі бір дәрігердің көмегіне жүгінуге мүмкікдік бермек. ҚМГ өкілінің пікірінше, емделушінің МӘМС қорымен бірге төлеу механизмін де қарастыруға болады.

Қазастан сақтандырушылар қауымдастығының президенті Марина Шиповалованың айтуынша, тұжырымдама жобасында мына тұстар назардан тыс қалған: «Неге қызмет алушы адамның бірнеше табыс көзі болуы мүмкін екені ескерілмеген? Ол бірнеше жұмыс жасауы мүмкін, мәселен, біріншісі – негізгі жұмыс болса, қосымша жұмысы да болуы мүмкін. Сонымен бірге, жеке кәсіпкер де болуы мүмкін. Бұған заңда рұқсат берілген. Ол сонымен бірге, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша да өзге көздерден табыс таба алады. Лимитті әкімшілеу барлық табыс көзі арқылы ма әлде бір ғана жұмыс орнымен жүзеге аса ма?  Ол сонда әрбір табыс көзінен аударым жасауы қажет пе?».

Шиповалова, сондай-ақ, МӘМС туралы заң жобасы тұжырымдамасында  ЕМС мәселелерінің де қарастырылмағанын айтты. Ол бұл мәселені бірнеше рет қозғағанын жеткізді. «Бізді реттеу қажет емес, ынталандыру керек», – деп мәлімдеді ол.  

Тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындары бірқатар ұсыныстарға баса назар аударды. Олар МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмек тізіміне ауыр жұмыстар атқаратын, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын жұмысшыларды мерзім-мерзіммен және ауысым алдында медициналық байқаудан өткізуді қосу жөніндегі ұсыныстар. Сонымен бірге, ол Еңбек кодексіне норма енгізуді ұсынды. Ол нормаға сәйкес, зиянды немес қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмысқа алуға еңбек шартына отыру үшін арыз беруші науқастың амбулаторлық және стационарлық медициналық картасынан көшірме ұсынуы қажет болады. Бұл зиянды жағдайларда өтілімдік жүктеме мен кәсіби дерттерге шалдығуын болдырмау мақсатында жүзеге асуы тиіс.

Елжан Біртанов кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарына өз пікірін білдірді. Оның хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңында қосымша төлеуді қажет ететін аударымдар мен жарналардың сомасын  түзету қажеттілігі мен медициналық ассистанс-компаниялардың медициналық қызметтерді ұсынушы ретінде қатысуын болдырмау ұсынысын қолдап отыр.   Емделушінің МӘМС қорымен бірге төлеу мүмкіндігі жөнінде де денсаулық сақтау вице-министрі өз ойын ортаға салды. Оның айтуынша, дәл осы кезеңде кейбір дәрілік заттарға қатысты бірге төлеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Жиын соңында ҚР ҰКП Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтері комитетінің төрағасы Жамболат Сәрсенов міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізуге қатысты асығыстыққа жол бермеу қажет екенін айтты. Себебі, бұл мәселеде құжатты бекіткенге дейін талқылануы тиіс тұстар көп. Оның айтуынша, заң жобасын моноқалалар мен өнеркәсіптік қалаларда талқылау керек. Себебі, онда медициналық санитарлық бөлімшелері бар кәсіпорындар бар және олар МӘМС енгізу нәтижесінде неге қол жеткізетінін білуі тиіс.

Ұлттық палата комитетінің басшысы МӘМС енгізу жөніндегі Жол картасын құру туралы ұсынысты қолдады. «Егер бәріміздің, жасаушылар мен орындаушылардың үлесі бар,  сапалы заң алғымыз келсе, қазірден бастап Жол картасын жасауға белсенді түрде кірісуіміз қажет. Бұл қатысушылар арасында жауапкершілік аймағын анықтау үшін қажет», – деді Жамболат Сәрсенов.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер