astana-view

Шағын қаржы ұйымдары – бизнестің екінші тынысы

2016 жылғы 01 Қыркүйек
- Қостанай облысы
10519 просмотров

Лисаковскіде лего-кірпіш дайындайтын аймақтағы алғашқы шағын өндіріс ашылмақ 

Жаңа жобаны «ЭльЕр 2013» ЖШС іске асыруда. Фирма басшысы Хафиз Утин «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС-дан осы мақсат үшін 5,7 млн теңге несие алған. Бұл ақшаға ол Ресейден жабдыққа тапсырыс берген. Кәсіпкер жаңа құрал-жабдықты әкеліп, оны монтаждаған соң бірден іске кірісетінін айтып отыр. Кәсіпкер айына 30 мыңға дейін кірпіш шығаруды көздеп отыр, алайда, сұраныс арта түссе, өндірісті ұлғайтпақ. Ол сұраныстың болатынына күмән келтірмейді.

«Біріншіден, менің бәсекелестерім жоқ, екіншіден мұндай материал өте ыңғайлы. Ол оңай қаланады. Бірінші қатарын қалап тастасаң, одан ары конструктор секілді қатар-қатарымен арнайы желіммен жабыстырылып кете береді. Ешқандай цементтің де, оны қиыстырудың да қажеті жоқ. Тапсырыс берушінің қалауымен олардың әртүрлі түстері ұсынылады», – дейді Хафиз Утин.

Бүгінгі күні «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС жалпы сомасы 113 млн 780 мың теңге болатын 24 несие берген. 184 миллионға тең 50 өтінім мақұлданған. Олардың қатарында ағаш көмірі, әйнек өндіру және қайта өңдеу, күнжіт және зығыр майларын өндіру жөніндегі жобалар бар. Таран ауданының тұрғыны Қайыржан Бейісов пластикалық қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады.

«Мен өз ісімді ашуды бұрыннан армандадым. Бірақ банктер маған несие беруден үнемі бас тартатын. Мен ауылда тұратындықтан, олар кепіл жеткіліксіз дегенді алға тосатын. Жаңа ұйым менің 4 млн теңгеге берген өтінімімді  тез арада және жүйкемді тоздырмай-ақ мақұлдады.  Қалдықтарды тасымалдайтын автокөлік сатып алмақпын. Әлбетте, тиімді шарттармен несие алып, пайдасын сезіну – үлкен қуаныш», – дейді Қайыржан Бейісов.

2016 жылғы наурыз айында «Атамекен» ҚР ҰКП, Еуразиялық топ және Қостанай облысы әкімдігі өзара меморандумға қол қойды. Бұл құжат тұрғындарды жеңілдікпен несиелеуге арналған шағын қаржы ұйымын құруды қарастырады. Қарыз алушыларға 15 млн теңгеде дейін несиелер беріледі. Несие пайызсыз, ал комиссия құны берілетін соманың 4%-ына тең болмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер