«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Сода өзімізде өндіріледі

02 Қыркүйек 2016
6109 просмотров

Аталған өнімді шығаратын зауыттың салынуы мен ашылуы шетелден келген импорт көлемін азайтуға көмектеседі

Қызылорда облысының аумағында кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отыр. Ол өз кезегінде бұл өнімнің  Қазақстаннан тыс елдерден жеткізілуін біртіндеп азайтуға мүмкіндік береді.

«Арал ауданында орналасқан нысанында испан зауыты жобасын іске асырған «АралТұз» ЖШС осы жылы екінші цехын ашып, кальцилендірілген сода шығару бойынша үшінші жобасын ұйымдастырады. Сіздер, Қазақстанға керекті 400 мың тонна кальцийленген соданың сырттан тасымалданып жатқанын білесіздер», – деді ОКҚ брифингінде Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев хабарлады.

Ринат Сұлтангереевтің мәліметінше, «жобаның бірінші кезеңінде 200 мың тонна болады». Дәл қазіргі уақытта жоба барлық салалық келісімдерден өткен. Сондай-ақ Қазақстанның даму банкі келісімінің бірінші кезеңін де еңсерген. Қазір 81 млрд теңге болатын нысанды республикалық Индустрияландыру картасына қосу мәселесі талқыланып жатыр екен. «Біз келесі жылы кальцийленген сода өндіретін зауыттың құрылысын бастағымыз келіп отыр. Бұл зауыт шыны зауытының өндірісі үшін өз өнімін жеткізетін болады», – деді Ринат Сұлтангереев.

Қызылорда облысында шыны зауытының ашылуы төңірегіндегі жағдайдың жай-жапсарын түсіндіру барысында, басқарма басшысы дайын өнім қоймасының құрылысын қыркүйек айына аяқтау жоспарланғанын атап өтті.

«Оны келесі жылдың екінші жарты жылдығында іске қосқымыз келеді. Нысанға технологиялық жабдықтарды жеткізу жүргізіліп жатыр. Биыл қызметкерлер таңдалып, оларды шетелдік мамандар зауытқа келіп оқытатын болады», – деп сендірді Ринат Сұлтангереев.

Palata.kz тілшісінің өтініші бойынша, облыс әкімдігінің өкілдері отандық тауар өндірушілерге жалпы қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы баяндап берді. Осы тақырыпқа пікір білдіре отырып, Р.Сұлтангереев: «Барлық кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге, грант алудан бастап, инвестициялық келісімшарт шеңберінде бірдей көмек көрсетіліп жатыр», – деді.

«Тіпті жер телімдері тікелей келіссөздер жүргізу арқылы беріледі. Ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, қандай да бір жобаны жүзеге асыруды жеделдету үшін, аукциондар мен тендерлерге қатыспай-ақ, тікелей келіссөздер арқылы алуға болады», – деді Ринат Сұлтангереев.

Сонымен қатар, қазір 10 мың бас қойға арналған бордақылау алаңдарын салу жүзеге асырылуда екен. Жыл сайын қозы етін өндіру көлемі шамамен 250 тоннаны құрайды деп күтілуде. Болашақта экспортқа да шығарылмақ. Одан бөлек, облыста 5 мың тонна болатын ет комбинатының, құс фабрикасының, 5 мың га болатын екі жылыжайдың құрылысы жоспарланып жатыр екен. Өңірде өсімдік шаруашылығын жүргізу жобаларын дамытуға үміт артылуда. Осы мақсатта, бау-бақша дақылдары, көкөніс, картоп егістіктерінің аумағы кеңейтілген.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер