astana-view

Бір қауымдастыққа күш біріктірді

2016 жылғы 05 Қыркүйек
7940 просмотров

Қос қауымдастық ортақ мәселелерді кешенді түрде шешу үшін күш біріктірді

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы проблемалық мәселелердің шешімін табу мақсатында «Қазақстандық былғары сауда-өнеркәсіптік қауымдастығы» қауымдастық түріндегі ЗТБ мен «Қазақстанның тері және былғары шикізатын қайта өңдеушілер қауымдастығы» қауымдастық түріндегі ЗТБ бірікті. Олар «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы» қауымдастық түріндегі ЗТБ құрамына енді.

Бұл түйткілдерді кешенді түрде шешіп, бірлескен шаралар өткізуге мүмкіндік бермек.

Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы 1999 жылдан бастап жеңіл өнеркәсіптегі, оның ішінде тері және былғары салаларындағы мәселелерді шешумен айналысып келеді.

Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген, жеңіл өнеркәсіптің ішкі комитетіне басшылық етеді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер