astana-view

Шортанды ауданының диқандары мол астық жинауға дайын

2016 жылғы 14 Қыркүйек
- Ақмола облысы
6795 просмотров

Астана қаласындағы ірі тұтыну нарығы ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өнімдерін тұрақты өткізуге мүмкіндік береді

«Диқандар керемет өнім өсірген» – бүгін Ақмола облысы Шортанды ауданына іссапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп бағасын берді. Мемлекет басшысы «Жакен-1» ЖШС-ны аралады. Ол жерде шаруашылық басшыларымен ғана емес, жұмысшылармен де әңгімелесіп қайтты. Содан кейін өңірдегі  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.

Тілшіге өз шаруашылығы туралы баяндау барысында, кәсіпорын басшысы Қанат Әділбеков таза астық өндіретінін атап өтті. «Біз қызметімізді 2005 жылы бастадық. Қазір шаруашылығымызда 11 мың гектар жер бар. Олардың 9 мыңында – егіс алқаптары жатыр», – деді ол.

Кәсіпкер қазір арпа жинау науқанына сегіз комбайнның жұмылдырылғанын айта кетті. «Жалпы біздегі «John Deere» америкалық комбайннан бастап, барлық техника өте сапалы. Біз бұл техникаларды лизинг бойынша сатып алдық. Ақшасын қазірдің өзінде мерзімінен бұрын төлеп қойдық», – деді Қанат Әділбеков.

«Жакен-1» ЖШС басшысы, мемлекеттің үлкен қолдауларын ескере отырып,  өз кәсібінің болашағы жарқын боларына сенімді. Қанат Әділбековтың айтуынша, оны қазір толғандырып отырған жалғыз мәселе – бұл астық бағасының жиі құбылуы. Сонымен қатар кәсіпкер: «Бізде кемшіліктер жоқ, керісінше артықшылықтар байқалады», – деп өз шаруашылығының қаржылық жағдайы туралы аз-кем баяндап берді.

Комбайншылар да жақсы көңіл-күймен өнім жинауға кіріскен. Мысалы, Генадий Молчанов, өзінің жолдастарымен бірге сағат таңғы 8.00-ден бастап 23.00-ге дейін жұмыс істеп жатқандықтарын, қазірдің өзінде 500 тонна астық жинап үлгергендерін айтты. Геннадий «John Deere» комбайнында қалай жұмыс істеп жатқандығы туралы бөлісе отырып, оның «жақсы және ыңғайлы техника» екенін де атап өтті. Ол бұрындары «Енисей» комбайнын да жұмыс істегені туралы да баяндап берді. Егін жинау науқанында комбайншының жалақысы айына 500-600 мың теңгеге дейін көтеріледі. Одан бөлек, «Жакен-1» серіктестігінде ынталандыру жұмыстары жүргізіледі. Қанат Әділбековтың айтуынша, жалақыдан бөлек, қосымша әр жылдың соңында он үшінші айлық төленеді.

Шортандының егіс алқаптарындағы жұмыс жағдайымен танысқан Нұрсұлтан Назарбаев, Ақмола облысы – Қазақстанның астықты өлкелерінің бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай сынды үш облыс 16,5 млн тонна астық береді. «Ақмола облысы қарқынды дамып келеді. Өйткені ол астанаға жақын облыс. Астана Ақмола облысының аумағында орналасқан. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлығы осында жеткізіледі. Бұл өз кезегінде тауар өндірушілер үшін аса қажет», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Ақмола облысында «Масальский ТБК» ЖШС-ні  іске қосу күтілуде. Ол Мемлекет басшысы атап өткендей, өңір экономикасын дамытуға демеу болады. ҚР Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көмекке мұқтаж ауылдастарына көмектесуге, ауруханалар, мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері мен көшелерді жөндеуге атсалысуға шақырды.

Мемлекет басшысы комбайншылардың әрқайсысымен астық жинау науқаны туралы әңгімелесіп, ерекше ықылас білдірді.

«Астық өте жақсы, мен өте ризамын. Көңіл-күйім жақсы екенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Диқандар керемет өнім өсірген. Енді оларға осының бәрін жинап алуына, қамбаға толтырып, оларды сатып, жақсы пайда табуы үшін ауа райының жақсы болуын тілеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер