astana-view

Жаңа салық заңнамасы шаруаларға не береді?

2016 жылғы 14 Қыркүйек
6907 просмотров

Арнайы салық тәртіпті қолданатын фермерлер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемесі бекітілді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығымен айналысатындарға қатысты салық заңнамасындағы өзгерістер туралы хабарлады. Ол асыл тұқымды малдардың импорт бойынша ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар тізіміне енгізілгенін еске салып өтті. Мұндай тауарларды Қазақстан аумағына алып келген күннен бастап, 5 жылдың ішінде сатқан жағдайда, импортқа ҚҚС өсімақымен бірге бюджетке төленеді. «Малдардың климаттық жағдайларға бейімделмеуіне байланысты ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауруы, індетке ұшырауы себепті малды союға мәжбүр болады, бұл еріксіз ҚҚС салығын төлеуге әкеп соқтырады. Отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау және асыл тұқымды мал базасын арттыру мақсатында малды мәжбүрлі түрде сойған немесе мал індетке ұшыраған жағдайда, қосымша құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бойынша жеңілдік беру ұсынылды», – деп мәлімдеді сарапшы.

ҰКП өкілінің айтуынша, заңнамадағы толықтыруларға сәйкес, бірыңғай жер салығы негізінде арнайы салық режимін қолданатын фермерлік шаруа қожалықтары үшін шаруашылықтың ауыл шаруашылығы қызметінде бұрын қолданған активтерін сатқан кезде және импортқа ҚҚС төленген немесе есепке жатқызу әдісі қолданылған тауарларды импорттау кезінде жеңілдік режимін қолдануды сақтау қарастырылған.

«Оған қоса, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне арналған арнайы салық режимін қолданатындар үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері бекітілді: шаруа қожалықтары – АЕК-тан 20%, заңды тұлғалар – еңбекақы төлеу қорынан 6,5%», – деді Жеңіс Жанболатова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер