astana-view

Қазақстан-Ресей бизнесі кедергілерді бірлесе жеңбек

2016 жылғы 04 Қазан
8981 просмотров

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Тосқауылдар және оларды жою жолдары» Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы өтті.

Оған қатысқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов екі ел арасында өзара сауда барысында жолығатын кедергілерге себепкер болатын мемлекеттік органдардың рейтингін жасауды ұсынды. ҰПК Басқарма Төрағасының пікірінше, осы орайда, арнайы Жол картасын қабылданса, бірқатар жобалар алға басар еді. 

Еліміздегі Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына тоқталған Абылай Мырзахметов, тиісті электрондық құралдан, яғни сайттан қысқа мерзім ішінде 200 мыңнан астам адам ақпарат іздегенін жеткізді. Мұндағы 17 мың шетелдік қызығушылық танытушылардың 10 мыңға жуығы ресейліктер екені байқалған. Жыл аяғына дейін аталған Картадағы барлық қажет сервистер ұтқыр қосымшалар келбетіне енбек.

«Бүгін өткізілген Ресей-Қазақстан шекаралық форумы дәстүрлі шара саналады. Ең бастысы қос ел кәсіпкерлері алдында тұрған кедергілерді талқыладық. Біз осы бөгеттердің тізімін жасап отырмақпыз. Өкінішке орай, қазіргі кезде, 400-ден астам кілтипан бар. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жаңа кедергілер аңғарылуда. Дегенмен, кедергілерге қарамастан, кәсіпкерлеріміз Еуразиялық экономикалық одақ мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға тырысуда. Әсіресе, шекаралық өңірлер тығыз байланыс орнатқан. Енді электрондық сауда алаңдарын біріктірсек, бизнесмендердің өзара қарым-қатынасы жеңілдей түседі», - деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Ресей тарапынан сөз алған РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катырин де кедергілерді жоюдағы шешімдерге көзқарасты өзгерту керек екеніне келісті.

Іскерлік кеңесте баяндама жасаған Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасы Аян Еренов, екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың айқындайтын кейбір деректерді келтірді.

«Қазақстанның шекара маңы елді мекендерінде 30%-дан астам халық бөлігі тұрса, Ресей Федерациясында бұл 19%-ды көрсетіп отыр, яғни бұл дегеніңіз, 32 млн адам. Шекара маңындағы шоғырланған жалпы өнім 300 млрд доллардан асады. Бұл өз кезегінде, салыстырмалы түрде аз халық санының бизнеспен белсенді айналысатынын білдіртеді. Талдау көрсеткендей, өткен уақыт аралығында, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы шамамен 28 млрд долларды құрады. Алайда, алдыңғы жылға қарағанда, сәйкес көрсеткіш 30%-ға төмендеді. Сондай-ақ Қазақстан өнімінің Ресейге экспорты әлдеқайда қысқарды», - деп мәлімдеді Аян Еренов.

Бірақ былтырғы өткен Іскерлік кеңесте көзделген міндеттерді орындау барысында, 260 қазақстандық компания Ресейде бизнесін бастап, 2,8 млрд теңгеге жуық сомада шарттарға қол қойылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер