astana-view

Жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

2016 жылғы 05 Қазан
- Ақмола облысы
9904 просмотров

Өңірлік палатаның қолдауымен Бурабай ауданында «Бурабай» атты жаңа ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басты мақсаты – өнімнің ішкі нарықтағы белсенділігін арттыру болып табылады.

Оны ашу туралы шешім өңірдегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларының жалпы жиналысында қабылданды. АӨК құрамына негізінен өсімдік шаруашылығымен айналысатын жеті ауыл шаруашылығы кәсіпорындары кірді. Алайда олардың арасында ет, сүт өнімдерін өңдеушілер де бар.

ӨКП агроөнеркәсіп кооперативін дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Джазинаның ақпараты бойынша, бүгінде өңірде 15 ЖОО-ны, 32 шаруа қожалықты, 8661 жеке кәсіпкерді және жеке тұлғаларды біріктіріп отырған 208 АӨК жұмыс істейді.

Жалпы алғанда, биылғы жылы 82 АӨК тіркелген. Оның 44-іне өңірлік палата заң қызметін ұсынды, жарғылық құжаттарын дайындауға, АӨК-ні тіркеу мен рәсімдеуге, салық есебін тапсыруға көмектесті.

Сонымен қатар, Зеренді ауданының сүт өндірушілерінің кооперативі тіркеліп жатыр. Және де Атбасар және Жақсы аудандарында екі бірдей сатып алу және өткізу кооперативтерін ашу жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер