astana-view

Оқы және өркенде!

2016 жылғы 10 Қазан
- Шымкент қаласы
13274 просмотров

Нұржан Әлтаев республикалық «Кітапсүйгіш халық» қозғалысының басталғанын хабарлады

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының орталық кітапханасында «Ауыл кітапханасы – инновация және технология» атты акция басталды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары білім беру жобасының кездейсоқ бастамашысы болып отырған жоқ. Ол жалпы білім мен оқуды қолдап, сондай-ақ тұрғындарды кәсіпкерлік қызметке тарта отырып, ауыл жастарының да дамуына мүмкіндік беру керек деп  есептейді.

Нұржан Әлтаев ауыл кітапханасын заманауи жиһаздармен және техникамен жабдықтады. Кітапхана қорын үш тілдегі кітаптармен және аудио нұсқалармен толықтырды. Ерекше атап өтерлігі, ол кітаптардың арасында қалалық кітапханаларда кездеспейтін танымал кітаптар бар. Нұржан Әлтаев Қазақстанның барлық кәсіпкерлерін аталған бастаманы қолдауға, ауыл кітапханасын көркейтуге шақырды.

«Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, жекелген ұлттар мен халықтар балаларын оқу мәдениетіне баулиды. Баланың ой-өрісін кішкентайынан, оқу сауаттылығы ұлт болашағының дамуының кепілі болған күннен бастап, жетілдіру керек, – деді Н.Әлтаев республикалық қозғалыстың ашылу салтанатында. – Алайда жастардың толыққанды дамуы үшін жыл сайын кітапханалардың әдеби қорын толтыру керек. Кітап сөрелері тек қана классикалық шығармалармен ғана емес, қазіргі жастардың еңбектерімен де толыққаны дұрыс.  Сол себепті бүгін осы жерде әртүрлі жанрдағы шығармалар қойылған».

«Ұлт жоспарына сай Қазақстандағы білім беру процесінің ең маңызды өзгешелігі үш тілде оқытуға көшу болып есептеледі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі әдеби шығармалар бүгінгі таңда өзекті, ең бастысы, маңыздылыққа ие. Ол болашақ ұрпақтың келешегіне немқұрайлы қарамайтындар арасында қолдауға тауып отыр».

Нұржан Әлтаев ОҚО-дағы ауыл кітапханасынан бастап, алдағы уақытта Қазақстан өңірлеріндегі ауыл кітапханаларының қорын толық жаңартуды жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер