astana-view

Мағжан Әуезов: «Ұлттық палатаның арқасында соңғы үш жылда отандық кәсіпкерлердің көптеген түйткілді мәселелері шешілді»

2016 жылғы 12 Қазан
7834 просмотров

Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын ел кәсіпкерлігін дамытудағы үшжылдық табысты қызметімен құттықтады

«ҰКП-ның біріктіруші рөлінің арқасында, соңғы үш жылда ел кәсіпкерлерінің көптеген түйткілді мәселелері шешіле бастады. Осы аз ғана уақыт ішінде, ҰКП бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің ортақ әрі жүйелі  мәселелері бойынша «бір терезе» қағидаты арқылы өз қызметін құра алды», – делінген Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) Кеңесінің төрағасы Мағжан Әуезовтың құттықтау хатында.

ҚҚҚ басшысы Палата ҚР Ұлттық банкімен және Үкіметімен тиімді коммуникация орнатып, бизнес-қоғамдастықты ақша-несие және қазыналық саясаттың түйткілді мәселелері бойынша шешім қабылдау процесіне тартқанын келтірді. «Бұл Қазақстан қаржы ұйымдарының көпжылдық мәселелерін шешуге ықпал етті. Оның ішінде, экономиканың нақты салаларына несие беру, салық төлеу және қаржылық ұйымдарды пруденциялық реттеу, заңды жетілдіру мәселелері бар. Нәтижесінде, қаржы секторының алдында тұрған күрделі мәселелердің біразы, тіпті, көпшілігі, толығымен шешілді», – деп атап өтті Мағжан Әуезов.

Оның айтуынша, ҰКП мен ҚҚҚ арасында ынтымақтастық келісімшартын бекіту, 2014-2015 жылдары Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына ҰКП қаржы секторының ҚР мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдар алдында заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметін атқаруға жол ашқан.  Келісімшарт аясында ҚҚҚ қаржы секторы субъектілерінің мүдделеріне қатысты заңнамалар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер жобасына міндетті сараптама жасауға белсенді түрде қатысқан.

«ҰКП мен ҚҚҚ ынтымақтастығы Қазақстанның қаржы секторының одан әрі дамуына серпін береді деген сенімдеміз. Ал, ҰКП әлеуеті мемлекет, қаржы секторы  мен бизнес қауымдастық арасында сындарлы сұхбат құруға жол ашады деген ойдамыз», – деп атап өтті Мағжан Әуезов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер