astana-view

Канададан білікті сарапшы келді

2016 жылғы 25 Қазан
- Алматы қаласы
7935 просмотров

Алматыда Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Аға сеньорлар» бағдарламасының жобасы іске қосылды

Георгий Катцаров жергілікті фермерлерге өнеркәсіптік ауқымда экологиялық таза азық-түлік өнімдерін қалай шығаруға болатындығын айту үшін Канададан Қазақстанға келді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сарапшыны Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы шақырып отыр. Шетелдік бизнес-тренердің қызметақысы мен жолпұлын мемлекет көтереді. Кәсіпкерлердің әлемдік үздік тәжірибемен танысуына жағдай жасайтын мұндай мүмкіндікті «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ұсынып отыр.

Алматыда «Аға сеньорлар» жобасын Кәсіпкерлер палатасы іске асырады. ӨКП қызметкерлері жоғары білікті маманды іріктеп алып, оның бизнесмендермен кездесуін ұйымдастырып берді. Георгий Катцаров Алматыға ұшып келісімен, шетелдік сарапшы, «Экоферма» оқыту орталығы және Кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты әріптестік туралы келісім жасалды. Георгий Катцаров жергілікті компанияларға басқарудың жаңа әдістерін, өндірістің жаңа технологияларын енгізуге көмектесіп, қызметкерлерге арналған оқу семинарларын өткізеді. «Аға сеньорлар» бағдарламасына қатысатын кәсіпкерлер сарапшының жатын орнына кететін шығындарды төлейді.

Георгий Катцаров канадалық экологиялық таза азық-түлік өндірушілердің осы салада мол тәжірибе жинақтағанын және қазақстандық әріптестеріне білгенін үйретуге дайын екендігін айтты. Мұндай шаралар олқылықтардың алдын алып, іскерлік және жеке байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

«Аға сеньорлар» жобасына ел экономикасының басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес басшылары қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер