astana-view

Зияткерлік меншікті қорғау мақсатында

2016 жылғы 10 Қараша
- Жетісу облысы
7984 просмотров

Талдықорғанда зияткерлік меншік туралы заң жобасын талқылау жөнінде қоғамдық тыңдалымдар өтті

ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі департамент директорының орынбасары С.Нұрымбетова заң жобасымен таныстыра отырып, заң жобасының мақсаты – Экономикалық ынтымақтастық ұйымының стандарттарына және зияткерлік меншікті қорғау саласын дамытуға жүйелі түрде ауысуды қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Заң жобасының басты мақсаты – зияткерлік меншік нысандарын бір деңгейлі тіркеу жүйесін құру. Ол зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды тіркеу жөніндегі құзыретті сарапшы ұйымға («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) табыстау арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл тіркеуді тікелей сарапшы ұйым арқылы іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тіркеу бойынша орын алатын дауларды сотқа дейін қарау мүмкіндіктерін кеңейту көзделіп отыр. Заң жобасы фирмалық атаулар мен тауарлық белгілердің ұқсастығына қатысты дауларды қарастыру, сонымен қатар тауар белгілерін дистрибьютордың атына тіркеуге қатысты Апелляциялық кеңеске құзырет беріп отыр. Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, тауар белгісін заңсыз қолданғаны үшін, зияткерлік меншік иелері 500-ден 10 000 АЕК-ке дейін өтемақы талап ете алады. Бұл авторлық құқық саласындағы заңбұзушылыққа төленетін өтемақыға ұқсас», – деді Әділет министрлігінің өкілі. Сондай-ақ заң жобасын жасаушылардың пікірінше, сараптамалық ұйымдарға тауар белгісін тіркеу туралы өтінімдер неғұрлым ерте түссе, соғұрлым дау-дамай болады. Келісімшарттарды тіркеу тәртібі жеңілдейді деп күтіліп отыр, сонымен қатар енді сарапшы ұйымдарға келісімшарттың түпнұсқасын апару қажет болмайды.

Жалпы заң жобасы қолдау тапты.

Заң жобасының толық мәтіні және оның тұжырымдамасы Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz және Ұлттық зияткерлік меншік институтының ресми интернет ресурстарына, 2016 жылдың 20 қыркүйегіндегі «Юридическая газета», «Заң» газеті басылымдарының №№ 101, 102, 103 нөмірлеріне шықты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер