astana-view

«Ұлы дала елі» форумы аясында 10 млрд теңгеге келісімшарт жасалды

2016 жылғы 18 Қараша
7655 просмотров

Төрт тапсырыс беруші компания мен 10 отандық тауар өндіруші арнайы келісімшартқа қол қойды

Мәселен, ондай келісімшаттардың бірі бойынша «Омега-Прибор» ЖШС «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-ға 437,8 млн теңгенің шығын өлшегіштерін жеткізіп беретін болды. «Омега-Прибор» компаниясы сұйықтық пен энергия ресурстарының шығынын өлшейтін, есептейтін құралдар, жылу есептегіштер, көмекші жабдықтар сияқты бақылау-өлшеу аспаптарын өндірумен және жеткізумен айналысады.

Осы тапсырыс беруші ШАП құбыршегін жеткізіп беру үшін, отандық полиэтилен құбырын шығаратын «КПМ Пласт» ЖШС-мен 132,6 млн теңгеге келісімшарт жасады. Сондай-ақ Сауда-көлік компаниясы «Кемикал» қазақстандық мұнай-химия компаниясы» ЖШС-ға 818,1 млн теңгенің құбырын және «Rem Plast Invest» ЖШС-ға 217,4 млн теңгенің ШАП құбыршегін жеткізіп беретін болды. 

Сондай-ақ «Ақтөбе ЖЭС» АҚ «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» ЖШС (12 261 760 теңгеге екі жылдық шарт) мен «Семей май зауыты» ЖШС-дан (5 486 880 теңгеге екі жылдық шарт) трубина майын сатып алады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Қазақстан технологиялық пайдалану орталығы» ЖШС-мен 397 858 140 теңгеге екі жылға вагон баяулатқыш жеткізуге келісімшарт жасады.

«Волковгеология» АҚ құбыр өнімдерін жеткізу үшін, үш отандық өндірушімен ұзақ мерзімге келісімшарт жасады. Олар: «ТРУБМАШХОЛДИНГ» ЖШС, «КНК Кемикал» ЖШС және «STATUS PLAST» ЖШС.

Бұдан бөлек, шара барысында «Сенімді серіктес 2016» байқауында жеңіске жеткендерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Сатып алулардағы жергілікті құрамның үлесі» аталымында «Жолаушы тасымалдары» АҚ ерекше аталды, ондағы жергілікті құрамның үлесі – 91%.

«Отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар» аталымында «Қазтеміртранс» АҚ мен «Сауда-көлік компаниясы» АҚ үздіктер қатарынан көрінді.

«Отандық тауар өндірушілермен бір жылдық шарттар» аталымында «Қазақтелеком» АҚ және «ҚарашығанақПетролеумОперейтинг БВ» жеңімпаз атанды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер