astana-view

7 жоба дайын

2016 жылғы 25 Қараша
- Жамбыл облысы
9627 просмотров

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына облыстағы бизнесмендердің жеті ірі жобасы енген

Бұл жөнінде, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова халықаралық инвестициялық форумда Картаны таныстыру барысында мәлімдеді. Айта кетейік, «Taraz Invest – AgroChemical Day 2016» форумы агрохимиялық саланы дамыту және инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылған еді.

«Жамбыл өңіріндегі негізгі салалардың қатарында туризм, агроөнеркәсіптік кешен (АӨК), химия, құрылыс және құрылыс материалдарын шығару бар. Біз өңірдің экономикалық мамандануына қатысты ең ірі жобаларды таңдадық, – деді ол. – Бүгінгі таңда Картаға жалпы сомасы 9,3 млрд теңгені құрайтын жеті жоба енді. Олардың ішінде екеуі – туризм, үш жоба – АӨК, екеуі – қызмет көрсету саласы бойынша, оның ішінде, жол бойындағы сервис нысандарының құрылысына қатысты болып отыр».

Оның айтуынша, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап, «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасын визуалдау бойынша, бүгінде ашық түрде қолжетімді болып келетін жаңа – www.businessnavigator.kz веб-порталы іске қосылған.

«Сайтты пайдалану арқылы, кәсіпкер мамандандырылған әрі ерекше сипаттамалары бар бизнесті локализациялауға қатысты шешім қабылдай алады. Ал, мүдделі инвесторлар – жаңа өндіріс орындарын ашу және инвестиция құю әлеуетін анықтай алады. Жергілікті атқарушы органдар болса – өңір әлеуеті туралы нақты мәліметтерді ала алады. Бұл өз кезегінде, өңірлік саясатты жүзеге асыруға және өндіріс күштерін орналастыруға мықты тірек бола алады. Ал, екінші дәрежелі банктер – қаржыландыру үшін болашағы бар жобаларды таңдай алады», – деді ол.

Қарлығаш Аралбекованың мәліметінше, 2016 жылдың соңына дейін, порталға өңірдің ішкі резервтері мен мамандануын ескере келе, 250 әлеуеті мол жобаны енгізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда порталда 105 инвестициялық қолжетімді жоба бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер