astana-view

Аты аңызға айналған кәсіпкерлер

2016 жылғы 09 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
13919 просмотров

Алматыда «Қазақстан кәсіпкерлігінің аңыздары» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

Туындыға 90-жылдары өз бизнесін ашып, бүгінде зор жетістіктерге жеткен 25 үздік кәсіпкер туралы материалдар жинақталған. Олардың қатарында – қызылордалық Ерлан Райымов та бар.

Айта кетерлігі, сол кездері Қызылордада санаулы ғана қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханалар болыпты.  Тіпті, олардың дені Одақ кезеңінен қалған мейрамханалар еді.

Ерлан Райымов бағындырған белестер туралы біз осыған дейін де бірнеше мәрте жариялаған едік. Сондықтан бұл материалды оның жеке туындысы – «Қыз Жібекке» арнауды жөн көрдік. «Қыз Жібек» мейрамханасы қонақтарға алғаш рет 1995 жылы қызмет көрсете бастады. Ол кезде мейрамхана қызметкерлерінің саны бар-жоғы 5 адам болған. Ал, тұп-тура екі жылдан кейін «Райым» ЖШС құрылады. Сол кезде де, бүгін де серіктестік қызметі қоғамдық тамақтануға арналып отыр.

Бүгінгі күні «Қыз Жібек» мейрамханасында 250 адамға арналған банкет залы мен қазақтың ұлттық тағамдаранын тұратын ас мәзірі бар. Ал,  «Қорқыт ата» әуежайы аумағында орналасқан «Қыз Жібек-2» мейрамханасы мен мешіт аумағында орналасқан, 600 орындық «Ақмешіт-Cырдария» асханасы тұрғындарға үзіліссіз қызмет етіп келеді.

Мейрамхана қонақтары қатарында Мемлекет басшысы мен Дүниежүзілік банк президенті, Алматы қаласында 2011 жылы өткен қысқы Азия ойындарының қатысушылары болды. Ерлан Райымовтың қызмет көрсету сапасына баса көңіл бөлетінін осыдан-ақ аңғаруға болады.  

Ал кейіпкеріміздің мейрамхана мәзірін қазақтың ұлттық тағамдарынан әзірлеуін, оның ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан айрықша үлесі деп бағалауға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер