astana-view

Бақытын кәсібінен іздегендер

2016 жылғы 09 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
6365 просмотров

Қызылжаржа «25 жұлдызды күн» акциясы аясында техникалық және кәсіптік оқу ордаларының студенттері арасынан үздік токарьлар, электрмонтаждаушылар, автомеханиктер таңдалды

Өз тағдырын сүйікті кәсібімен байланыстырған 60-қа жуық жас өрен облыстағы үздік мамандық иесі атануға таласты. Байқауға алты колледждің студенттері қатысты. 

Жеңіске жету үшін бірнеше кезеңнен өту керек болды. Әр мамандықтың өз талабы бар. Мәселен, токарьлар қолындағы дүниені шебер қайрауы тиіс, автомеханиктер тек жол ережесін жатқа біліп қана қоймай, көлікті мәнерлеп жүргізуі қажет, ал электромонтаждаушылар электр торабын жөндеп, қосуы керек. 

Қазылар алқасына жұмыс берушілер де енді, яғни ертеңгі күні оқуын бітірген соң осы жастарды жұмысқа алатын кәсіпкерлер отырды. Ашық әрі тәуелсіз байқау әрбір қатысушыға өзін келешегі жарқын білікті маман ретінде көрсетуге мүмкіндік берді. 

Байқау нәтижесі бойынша токарьлар арасында машина жасау колледжінің студенттері үздік атанды. «Үздік электрик» аталымы бойынша екі жүлделі орын кәсіптік-педагогикалық колледждің еншісіне тиді, үшінші орынды – теміржол көлігі колледжі алды, автомеханиктерде бірінші орын – кәсіптік-педагогикалық колледжге бұйырды, екінші орын – гуманитарлы-техникалық, ал үшінші орын машина жасау колледжіне берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер