astana-view

Palata.kz – үздіктер қатарында

2016 жылғы 26 Желтоқсан
8162 просмотров

XIV Ұлттық «AWARD.KZ» интернет-бәйгесінің қорытындысы жарияланды 

Айта кетер жайт, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының www.palata.kz сайты «Билік органдары және өзін-өзі басқару» аталымы бойынша 6,56 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Тізімде одан әрі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі (6,24) мен ҚР Орталық Коммуникациялар қызметі сайттары (6,15) орналасқан. 

Биылғы жеңімпаздарды сарапшылар (құрамы: http://award.kz/p/expe2016) мен халықаралық қазылар алқасы (құрамы: http://award.kz/p/jury2016) үш ай бойы, 500 қатысушы арасынан іріктеп алды. Қазылар алқасы құрамына 6 елдің сарапшылары мен Awwwards.com және Cssdesignawards.com халықаралық байқауларынан  4 адам енді. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде 12 негізгі және 11 арнайы аталым бойынша еліміздің үздік сайттары анықталды.

Байқау келесі аталымдар бойынша өтті: масс-медиа, мәдениет және өнер, балалар тәрбиесі, білім және ғылым, дене шынықтыру және спорт, медицина және денсаулық, саяхат және демалыс, желілік қызметтер, корпоративтік сайттар, салалық және өңірлік порталдар, билік органдары және өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктер, жеке парақшалар, интернет-дүкендер, промо-сайттар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер