astana-view

ҰКП өкілі – монополияға қарсы комитет құрамында

2016 жылғы 26 Желтоқсан
9904 просмотров

Юлия Якупбаева ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Басқармасы құрамына енді 

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті құрамына енгендігі туралы бұйрыққа министр Қуандық Бишімбаев қол қойды.

Аталған шешім Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы заңының» 65-бабы 3-тармақшасы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау комитеті туралы Ереженің 21-тармағына сәйкес, сондай-ақ, «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік бірлестігі Директорлар кеңесі сыртқы отырысының шешіміне сай қабылданды.  

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау комитеті құрамына, сонымен қатар, «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Сержан Мәдиев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары Қанат Біләлев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті сараптау және әдіснама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сандуғаш Садықова  енді.

Айта кетер жайт, Комитеттің басты міндеті кәсіпкерлікке қолдау көрсету, бәсекелестікті дамыту, үстем жағдайды асыра пайдаланудың және монополиялық қызметтің алдын алу әрі ескерту, монополияға қарсы заңның орындалуын қадағалау болып табылады.

ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер