astana-view

«Қазкоммерцбанк» АҚ төңірегінде қалыптасқан ахуал туралы

2016 жылғы 26 Желтоқсан
10305 просмотров

«Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы реттеуші талаптарды және клиенттерінің алдындағы өз міндеттерін толық орындап келеді, деп хабарлайды www.nationalbank.kz ресми сайтында Қазақстанның Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық банкі Басқармасы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның қаржы саласындағы маңыздылығын ескере келе, оған қысқа мерзімге 400,8 млрд теңге қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Қаражат банкке клиенттер алдындағы міндеттерін орындау үшін, қосымша өтімділік қорын қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады деп көрсетілген баспасөз хабарламасында. 

Қазіргі таңда банк қорында өтімді активтер мөлшері жеткілікті болып саналады. Нәтижесінде, «Қазкоммерцбанк» АҚ қарыздың біршама бөлігін қайтарып та үлгерген.  Осылайша,  «Қазкоммерцбанк» АҚ Ұлттық банкке бұған дейін бөлінген қаражаттың жартысына жуығын қайтарып берген.

Бүгінгі күні банк капиталын арттыру, банк секторындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым бағыттарының бірі болып саналады. Осыған орай, ҚР Ұлттық банкі ағымдағы бақылау процесі аясында, капиталдандыру деңгейін арттыруға қатысты акционерлермен келіссөздер жүргізуде. Айта кетерлігі, олардың арасында «Қазкоммерцбанк» АҚ да бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер